ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
«13» маусым 2024 жыл №140 Ойыл ауылы
Аудандық мәслихаттың кезекті
он бесінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекі он бесінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
- 1. 2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуына жүргізілген бақылау қорытындылары туралы
Хабарламашы: Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы
- 2023 жылғы Ойыл аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
- «2023 жылғы Ойыл ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жайлы есебін бекіту туралы»
Хабарламашы: А.С.Аманғосов - Ойыл ауылдық округінің әкімі
- «2023 жылғы Көптоғай ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жайлы есебін бекіту туралы»
Хабарламашы: Е.Б.Асылбаев - Көптоғай ауылдық округінің әкімі
- «2023 жылғы Саралжын ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жайлы есебін бекіту туралы»
Хабарламашы: М.Т.Тәжіғалиев - Саралжын ауылдық округінің әкімі
- «2023 жылғы Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жайлы есебін бекіту туралы»
Хабарламашы: Н.С.Шауменов - Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі
- «2023 жылғы Сарбие ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жайлы есебін бекіту туралы»
Хабарламашы: Ә.С.Кереев - Сарбие ауылдық округінің әкімі
- «2023 жылғы Қараой ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жайлы есебін бекіту туралы»
Хабарламашы: А.Ө.Сұлтанов - Қараой ауылдық округінің әкімі
- «2023 жылғы Қайынды ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жайлы есебін бекіту туралы»
Хабарламашы: Ж.Б.Абиев -Қайынды ауылдық округінің әкімі
- 10. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №92 «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
- 11. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 76 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: С.Т.Дәулетқалиев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
- 12. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №211 «Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 «Ойыл ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: А.Ж.Мусин - аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы
- Ойыл аудандық мәслихат депутаты Ө.Ақеділовтың депутаттық сауалы туралы
Хабарламашы:Ө.Ақеділов - аудандық мәслихат депутаты
- Ойыл аудандық мәслихат депутаты Ж.Ізғаринаның депутаттық сауалы туралы
Хабарламашы:Ж.Ізғарина - аудандық мәслихат депутаты
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №174 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №176 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №171 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Е.М.Тлепов - аудан әкімі аппаратының басшысы
- аудандық мәслихатттың 2024 жылғы 06 мамырдағы №136 «Аудандық жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: М.О.Төремұратов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
- Аудандық мәслихаттың кезекті он алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы
- Аудандық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясына 18 маусымға дейін үзіліс жариялау туралы
Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы
18 маусым
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №104 «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Аудандық мәслихат
төрағасы: С.Ғ.Займолдин