Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының күн тәртібі туралы

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

«11» сәуір 2024 жыл                        №128                                   Ойыл ауылы

 

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс он үшінші сессиясының

күн тәртібі  туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
  1. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы

Хабарламашы: Бисекенов Б.Т. - аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

2.  Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы «Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» №5 шешіміне өзгерістер  енгізу  туралы
3.  Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» №7 шешіміне өзгерістер  енгізу  туралы

Хабарламашы: Займолдин С.Ғ. - аудандық мәслихат төрағасы

  1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №92 «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

 

 

 

             Аудандық мәслихат           

                    төрағасы:                                                   С.Ғ.Займолдин

Шешім №128
Дата публикации
24 сентября 2024