ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
«28» наурыз 2024 жыл №120 Ойыл ауылы
Аудандық мәслихаттың
кезекті он екінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылы атқарған жұмысы жөніндегі аудандық мәслихат төрағасының есебі
Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы
- Аудан аумағында су тасқынына қарсы қажетті жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы
Хабарламашы: Т.Б.Бақтыгереев - аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы
- Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 113 «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Ойыл ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 137 «Ойыл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: С.Т.Дәулетқалиев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
- Ойыл ауданы бойынша 2024 жылға шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Хабарламашы: А.Қ.Мүбараков – аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы
- Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 448 «Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Ж.Мұхамбетқали - аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының м.у.а.
Аудандық мәслихат
төрағасы: С.Ғ.Займолдин