Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясының күн тәртібі туралы

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

«8» ақпан 2024 жыл                 № 112                               Ойыл ауылы

 

 

 

Аудандық мәслихаттың кезектен  

тыс он бірінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:

  1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Ойыл ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

         Хабарламашы: С.Т.Дәулетқалиев – Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

  1. Ойыл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

         Хабарламашы: А.С.Есбатырова - Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  2. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №174 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  3. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №176 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  4. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №171 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  5. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 4 шілдедегі «Аудандық жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» № 57 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

         Хабарламашы: Е.М.Тлепов - аудан әкімі аппаратының аппарат басшысы

 

             Аудандық мәслихат           

                    төрағасы:                                                   С.Ғ.Займолдин

Шешім №112
Дата публикации
24 сентября 2024