ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
«21» желтоқсан 2023 жыл № 90 Ойыл ауылы
Аудандық мәслихаттың
кезекті сегізінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті сегізінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №192 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы»
- 2024 жылға арналған Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
- «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы
Хабарламашы: М.Б.Айдарбаев - аудан әкімінің орынбасары
- Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет,
халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының есебі
Хабарламашы: Е.Ж.Жиеналин - комиссия төрағасы
- Аудандық мәслихаттың білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық
тәртібі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі
Хабарламашы: С.М.Нұрбаев - комиссия төрағасы
- 7. «Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»
Хабарламашы: С.Даулеткалиев - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының м.у.а.
- 8. Аудандық мәслихат депутаты Н.Қ.Ешпанованың депутаттық сауалы туралы
- 9. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы қызметін қамтамасыз етуге арналған қаржы шығындары, аудандық мәслихаттың құрылымы, штат кестесі және қызметтік автокөлігінің лимиті туралы
- Аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы
- Аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы
- Аудандық мәслихаттың кезекті сегізінші сессиясына 25 желтоқсанға дейін үзіліс жариялау туралы
Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 208 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- 2024-2026 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Аудандық мәслихат
төрағасы: С.Ғ.Займолдин