ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
«30» қазан 2023 жыл №77 Ойыл ауылы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс жетінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №192 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Хабарламашы: А.Ж.Назаров - аудандық экономика және қаржы
бөлімі басшысының м.у.а
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 137 «Ойыл ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: С.Т.Даулетқалиев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а
- Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 199 «Ойыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Хабарламашы: А.Қ.Мубараков - аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
- Ойыл ауданы ауылдық округтеріне елді-мекендер аумақтарында жер-шаруашылық жайғастыру жобалары үшін қосымша жер учаскелерін бекітіп беру туралы
Хабарламашы: М.О.Төремұратов - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №174 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №176 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Е.М.Тлепов - аудан әкімі аппаратының аппарат басшысы
- Аудандық мәслихат депутаты Ж.Б.Ізғаринаның депутаттық сауалы туралы
Хабарламашы: Ж.Б.Ізғарина - аудандық мәслихат депутаты
- Аудандық мәслихат депутаты Т.И.Амировтың депутаттық сауалы туралы
Хабарламашы: Т.И.Амиров - аудандық мәслихат депутаты
- Аудандық мәслихат депутаты Н.Қ.Ешпанованың депутаттық сауалы туралы
Хабарламашы: Н.Қ.Ешпанова - аудандық мәслихат депутаты
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясына 3 қарашасына дейін үзіліс жариялау туралы
Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 208 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: А.Ж.Назаров - аудандық экономика және қаржы
бөлімі басшысының м.у.а
Аудандық мәслихат
төрағасы: С.Ғ.Займолдин