Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

     «31» тамыз 2023 жыл                 № 70                               Ойыл ауылы

 

 

Аудандық мәслихаттың

кезектен тыс алтыншы сессиясының

күн тәртібі туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:

  1. Ойыл  аудандық мәслихатының 2022  жылғы 26 желтоқсандағы № 194 «2023 жылға арналған Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы»  шешіміне өзгеріс енгізу туралы

         Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы

                                                                      бөлімінің басшысы

  1. Ойыл ауданының елді мекендері аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
  2. Ойыл ауданының әкімшілік- аумақтық бірлігін басқару схемасын бекіту туралы

Хабарламашы: Е.М.Тлепов – аудан әкімі аппаратының басшысы

  1. Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 182 «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

         Хабарламашы: М.Ү.Жантекова - аудандық мәслихат аппаратының

                                                                                  бөлім басшысы

  1. Ойыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

         Хабарламашы: Н.О.Тұрғанбеков - аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

  1. Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

         Хабарламашы: Б.Иманғалиев - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

 

 

             Аудандық мәслихат           

                    төрағасы:                                                   С.Ғ.Займолдин

Шешім №70
Дата публикации
23 сентября 2024