Аудандық мәслихаттың білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы комиссия төрағасы С.Нұрбаевтың хабарламасы
Құрметті депутаттар!
Аудандық мәслихаттың «Білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты туралы» комиссиясы 12 ай қортындысы бойынша төрт жоспарлы отырыстары өткізілді. Олар білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты бағытындағы өзекті деп есептелетін 8 мәселе қаралып, оның ішінде 2 мәселе аудандық мәслихат сессиясында талқыланды.
Қаралған мәселелерді атап айтсақ:
Осы қаралған мәселелерге байланысты Заң нормаларының орындалуы жан-жақты талқыланып, шешімін таппай, нәтижесі төмен бағыттар бойынша, алдағы уақытта нәтижеге қол жеткізу мақсатында қаулы жобалары алынып, тиесілі атқарушы органдарға орындау үшін таратылып берілді.
Мысалы, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттардың күтіп ұстау ісіне ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің ауданда жүзеге асырылуы туралы қабылданған қаулыда:
- зираттарды толық қоршауды және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
- тарихи-мәдени мұра, діни мақсаттағы объектілерді сақтау қажеттілігін ескеру;
- қайтыс болғандарды жерлеу тәртібін сақтау;
- қағидаға сәйкес қабірлерді жобалау және салу тәртібін сақтау және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
- жерлеу мен зираттардыкүтіп ұстау ісі бойынша жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде аудандық «Ойыл» газетінде жариялау талаптары қойылды.
Осы сияқты қалған қабылданған қаулыларда да Заңдарға немесе Заңдарға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған нақты талаптар қойылды.
2023 жылдың өткен 12 айында осы тұрақты комиссия мүшелері арасында 15 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 97 - жеке сайлаушылардың өтініштері қабылданды. Оның ішінде, 60 өтініш қанағаттандырылды, 31-на түсінік жұмыстары жүргізілді және 6 өтініш қосымша бақылауға алынды.
Тұрақты комиссия мүшелерімен бір депутаттық сауал жолданды. Атап айтсақ Жангүл Бақытжанқызы елді мекендерге заманауи үлгідегі ойын алаңын салуды депутаттық сауал арқылы тұрғындардың өтініштерін жеткізді.
Есептік кезеңде 1 000 000 (бір миллион) теңге комиссия мүшесі мүшелері қайырымдылық акциясына қатынасып, «Ауыл аманаты» бағдарламасына атсалысып, аудандық шараларға демеушілік жасап қажетіне қарай көптеген қаржылай да көмектер көрсетіп келеді.
Хабарлама аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет!