Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі

Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы комиссия төрағасы Е.Жиеналиннің хабарламасы

 

Құрметті депутаттар!

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері» комиссиясы 2023 жылға қортындысы бойынша төрт жоспарлы және жоспардан тыс екі отырыстары өткізілді. Оларда Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала бағытындағы өзекті деп есептелетін 18 мәселе қаралып, оның ішінде 12 мәселе аудандық мәслихат сессиясында талқыланды.

Қаралған мәселелерді атап айтсақ:

  1. Ойыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

          2 «2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы»

          3 Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 29 наурыздағы №118 «Аудан әкімі орынбасарының Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңын ауданда жүзеге асыру жөніндегі есебі туралы» шешімінің орындалуы туралы

  1. «Аудан аумағында су тасқынына қарсы қажетті жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы
  2. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының орташа жөндеу туралы
  3. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері туралы
  4.   Жер заңнамасының сақталуын, жерді қорғау және пайдалану талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі  қызметі туралы

         8 Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы Ойыл ауылдық округі әкімінің есебі

  1. «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының күтіп ұстау мен қысқа дайындығы және жол жөндеу құрылыстары туралы»
  2. «Ойыл ауданындағы бөгеттердің жай-күйі туралы»

          Осы қаралған мәселелер тұрақты комиссия отырыстарында жан-жақты талқыланып, сұрақтар қойылып, қаулы жобасы қабылданып, тиісті атқарушы органдарға орындау үшін таратылды.

Мысалы, Аудан әкімі орынбасарының Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңын ауданда жүзеге асыру жөніндегі есебі туралы қабылданған қаулыда:  

- Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы №16 «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес Ойыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды дайындап, аудандық мәслихаттың алдағы сессиясында бекіттіру;

- жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру ұсынылды.

- Ойыл ауданы аумағында жануарларды асырауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін қадағалауда Ақтөбе облыстық  мәслихатының 2016 жылғы  12 желтоқсандағы № 84 «Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешімінің талаптарын, әсіресе көшелерде, ауыл шаруашылық жерлерінде, басқа да қоғамдық көпшілік пайдаланатын орындары мен көлік жолдарының жандарында қараушысыз жүрген жануарларды болдырмау талаптарын орындауды жүйелендіру талаптары қойылды.

Осы сияқты қалған қабылданған қаулыларда да Заңдарға немесе Заңдарға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған нақты талаптар қойылды.

 2023 жылдың өткен 12 айында осы тұрақты комиссия мүшелері арасында  24 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 87 - жеке сайлаушылардың өтініштері қабылданды. Оның ішінде, 57 өтініш қанағаттандырылды, 17 өтінішке түсінік жұмыстары жүргізілді және 13 өтініш қосымша бақылауға алынды.

Есептік кезеңде 2 100 000 (екі миллион бір жүз мың) теңге  комиссия  мүшесі мүшелері қайырымдылық акциясына қатынасып, «Ауыл аманаты» бағдарламасына атсалысып, аудандық шараларға демеушілік жасап қажетіне қарай көптеген қаржылай да көмектер көрсетіп келеді.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы алдағы уақытта да ауданды өркендетуге байланысты әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде өз үлесін қосады деп есептеймін.

 

            Хабарлама аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет!

Дата публикации
25 марта 2024