Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы С.Ғ.Займолдиннің 2023 жылға атқарылған жұмыстары туралы есебі
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды» деп көрсетілген. Ауданымыздың жергілікті өкілді органы, Ойыл аудандық мәслихаты өз қызметінде еліміздің Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңын және де басқа заңнамалық актілерін, аудандық мәслихаттың Регламентін басшылыққа алып, жұмысын атқаруда.
Қазақстандағы мәслихаттар өз өкілеттіктері шеңберінде көптеген өзекті мәселелер мен жинақталған проблемаларды шешуге ықпал ететін халық пен билік арасындағы өзіндік көпір болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында әрбір шақырылыммен Мемлекеттік басқарудың азаматтар мен әлеуметтік мәселелерге барынша жақындатылған маңызды буыны ретінде биліктің жергілікті өкілді органдарының маңызы артып келеді.
Аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес мәслихат төрағасы жылына кемінде бір рет мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттық сауалдар мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді.
2023 жылдың 19 наурызында өткен кезектен тыс сайлаудан кейін сегізінші шақырылған Ойыл аудандық мәслихатына 11 депутат сайланды.
Депутаттық корпуста 3 әйел, депутаттардың жалпы санының 27,2 пайызын құрайды. 8 – адам (72,7 пайыз) алғаш рет аудандық мәслихаттың депутаты болып отыр. Аудандық мәслихаттың депутаттары түрлі сала мамандарынан құрылған. Депутаттардың жалпы санының ішінде төртеуі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, алтауы кәсіпкерлік саласы және біреуі қоғамдық бірлестік өкілі.
Мәслихат жұмысы бірнеше бағытқа бөлінеді:
І. Сессия - жергілікті өкілді органдар қызметінің негізгі нысаны ретінде біздің жұмысымызда басты орын алады, онда оның қарауына жатқызылған мәселелер шешіледі.
Есепті 2023 жылы аудандық мәслихат 9 сессия өткізді, оның ішінде 4 кезекті және 5 кезектен тыс отырыс, барлығы 108 шешім бекітілді. 108 шешімнің ішінде 100 шешімі қоғамдық қатынастардың әр түрлі саласын реттейтін, ұйымдастырушылық - қаржылық қамтамасыз ету шараларын белгілейтін шешім, ал 8 шешімі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормативтік құқықтық акті болып қабылданды.
Оның ішінде 19 шешім эталондық бақылау банкіне жарияланса, 4 шешім мемлекеттік тіркеуден өтті. Нормативтік құқықтық актілер бойынша эталондық бақылау банкіне кешіктіріліп берілген және прокурорлық наразылық немесе қайтарылған шешімдер болған жоқ.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі, барлық деңгейдегі мәслихат отырыстарын міндетті онлайн-трансляциялауды енгізуге қатысты жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 142-тармағын орындау мақсатында аудандық мәслихат қажетті жабдықтарды орнатып, 2023 жылдың ішінде oiyl_maslihat платформасында 9 сессия өткізді.
Аудандық мәслихаттың атқарып отырған жұмысы мен сайлаушылармен жұмыс барысы депутаттардың жеке әлеуметтік желі парақшаларында және аудандық мәслихаттың әлеуметтік парақшаларында жарияланып келеді.
Сессиялық қызмет барысында аудандық бюджетті қалыптастыру, оның орындалуы, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.
2023 жылдың ішінде аудандық мәслихат сессияларында мынадай негізгі мәселелер қаралды:
Мәслихат сессияларының қарауына ұсынылатын барлық материалдары алдын-ала депуттаттарға электронды жіберілім бойынша жіберіледі, бұл депутаттардың сессия материалдарын алдын-ала зерделеуге және нақты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Депутаттардың келуі 79,8 % - ды құрады, 9,2 % - ы дәлелді, 11 %-ы дәлелсіз себептермен қатыспады.
ІІ. Тұрақты комиссиялар:
VIІІ шақырылған Ойыл аудандық мәслихатында екі тұрақты комиссия жұмыс жасайды:
Мәслихат сессиясында қаралатын мәселелердің барлығы тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын-ала қаралады, қажет болған жағдайда уақытша жұмысшы тобы құрылып, кездесулер мен отырыстар өткізіледі.
2023 жылдың қараша айында аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен облыстық және аудандық мәслихаттары шешімдерінің орындалуын бақылау, аудандық мәслихаттың «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешімдерінің орындалуы және «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерінің жобасы туралы» мәселелерін талқылау мақсатында ауылдық округтерде көшпелі отырыс өткізілді. Көшпелі отырыс барысында ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалуы мен алдағы жылдарға жоспары толықтай талқыланды. Ауылдық округтердің қоғамдастық және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен көшпелі отырыста ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері назарға алынды.
Есепті кезеңде тұрақты комиссиялардың 12 отырысында 31 мәселе қаралды.
ІІІ. Депутаттық сауал
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес, мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
Жыл басынан бері аудандық мәслихат депутаттарымен әлеуметтік сипаттағы 13 депутаттық сауал ұсынылды. Депутаттық сауалдар заңдылықтарға сәйкес тиісті органдарға жолданды. Оның 62 %-ы қанағаттандырылып, 23%-ы бақылауға алынып, 15%-ы орындалу сатысында.
Атап өтетін болсақ, №10 сайлау округі бойынша депутат Д.Аманғосұлы:
№5 сайлау округі бойынша депутат Е.Ж.Жиеналин:
№2 сайлау округі бойынша депутат С.Ғ.Займолдин:
№11 сайлау округі бойынша депутат С.С.Оралов:
№7 сайлау округі бойынша депутат Т.И.Амиров:
№3 сайлау округі бойынша депутат Ж.Б.Ізғарина:
№6 сайлау округі бойынша депутат Н.Қ.Ешпанова:
№9 сайлау округі бойынша депутат С.Қабдығалиұлы:
Аудандық мәслихат депутаттарымен тұрақты түрде қоғамдық қабылдаулар өткізіліп отырады. Аудандық мәслихат депутаттары өздерінің бекітілген сайлау округтерінде қоғамдық қабылдауларын өткізуі туралы аудандық мәслихаттың әлеуметтік желілері мен өздерінің әлеуметтік аккаунттарында жариялайды. Сол бекітілген кестеге сәйкес депутаттар қоғамдық қабылдауларында 148 сайлаушы өз өтініштерін жеткізді. Өтініштердің 97-сі (66%) тиісті мекемелерге жолданып қанағаттандырылса, 21-і (14%) қосымша бақылауға алынып, 30-ы (20%) бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді. Қабылдауда көбіне тұрғындардың аудандық маңызы бар жол мәселелері, тұрғын үй, жұмыспен қамту, елді мекендерді газдандыру, жарықтандыру және т.б. мәселелері көтерілген.
Аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік мекемелер мен ұйымдармен қызметтің негізгі бағыттары және де құқықтық мәселелері бойынша құжатайналымы қалыпты жүргізілуде. 2023 жылдың ішінде мәслихат аппаратына 132 кіріс хат түссе, 292 шығыс хаттары жолданып мекемелермен хат алмасу жүргізілді.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаттары қайырымдылық шараларынан да тыс қалмай, түрлі акциялар және әртүрлі қайырымдылық акцияларына, әлеуметтік жобаларды және аудан тұрғындарының мәселелерін шешуге белсенді қатысып келеді. Жыл басынан бері «Ауыл аманаты», 1 – маусым балалар күніне орай, «Мектепке жол» республикалық акциясы т.б шараларға 5,4 млн теңге көлемінде ақшалай қайырымдылық көмек және тауарлық несие алу жөнінде көмектер көрсетілді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-3 бабына сәйкес жанадан сайланған депутаттар өкілеттігінің алғашқы екі жыл ішінде бес жылда бір рет біліктілігін арттырудан өту көзделген. Осыған сәйкес аудандық мәслихат аппаратынан депутаттардың біліктілігін арттыру үшін 2023 жылдың 9-13 қазанында және 27 қараша - 1 желтоқсан аралығында барлығы 6 депутат Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облыстық филиалында оқу курстарынан өтті.
2023 жылдың 19 сәуірі күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен әкімдер мен барлық деңгейдегі мәслихат төрағаларының қатынасуымен өткен Республикалық кеңеске, 29 маусымда Астана қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен Мәслихат депутаттарының I форумына аудандық мәслихаттың алты депутаты қатынасты.
Және де 14 желтоқсан күні Ақтөбе облысы бойынша «AMANAT» партиясының мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен облыстық Форумға қатынасып, өз тараптарынан аудандағы өзекті болып отырған бірнеше мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Аудандық мәслихат төрағасы Ақтөбе облыстық мәслихатының 6 сессиясына және Мұғалжар аудандық мәслихатымен өткізілген көшпелі сессиясына тәжірибе алмасу мақсатында қатынасып, аудандық мәслихат төрағаларымен бірлесе пікір алмасты.
VІ. Аудандық бюджеттің орындалуы туралы
Жергілікті бюджетке түсетін салықтардың жоспары 832546,0 мың теңге, жоспарлы кіріс 926677,4 мың теңге болып, 94113,4 мың теңгеге артық орындалды пайызы 111,3.
Оның ішінде 4-деңгейлі бюджет салық түсімдері жоспары 30986,0 мың теңге болса, 39270,6 мың теңге түсіріліп жоспар 126,7 пайызға орындалды.
Жеке табыс салығы бойынша түсімдер 409485,4 мың.теңгені құрап, жоспар 108,2 %-ға орындалды.
Әлеуметтік салық бойынша жоспардағы 327884,0 мың.теңгенің орнына 346054,3 мың.теңге түсіп, жоспар 105,5 %-ға немесе 18170,3 мың.теңгеге артық орындалды.
Салықтық емес түсімдер жоспары 161,4 %-ға орындалды немесе 32633,0 мың теңгенің орнына 52668,8 мың теңге түсті.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер жоспары 14069,0 мың теңге болса, 32729,5 мың теңге түсіріліп жоспар 232,6 пайызға орындалды.
Жергілікті бюджетке мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден 10664,8 мың.теңге кіріс түсті немесе жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық меншік мүлкін жалға алушылардың жоспары 112,4 %-ға орындалды.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспары 653,0 мың теңге болса, 159,1 мың теңге түсіріліп, жоспары 24,4 пайызға орындалды.
Субвенцияның жоспары 1 529048,0 мың теңге болса 100 пайызға орындалды.
Ойыл ауданы бойынша Бюджеттің шығыс жағының 2023 жылғы 31 желтоқсанға төлемдер бойынша жоспары 8 795289,9 мың теңге, атқарылуы 8 374790,7 мың теңге немесе 95,2 пайызға орындалды. Игерілмеген қаржы барлығы – 420499,2 мың теңге
Оның ішінде Республикалық трансферт 17729,0 мың теңге «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан үй сатып алуға берілетін ағымдағы нысналы трансферттер» бағдарламасынан игерілмеді.
Облыстық трансферттер Ойыл -Қараой 0-15 км жол жөндеу қаржысы 17225,0 мың теңге, Ойыл –Қараой жол жөндеу 15-30 км қаржысы 173555,0 мың теңге, Ойыл –Қараой жол жөндеу 30-45 км қаржысы 196226,5 мың теңгеге игерілмеді.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасынан "Данагүл" ШҚ электр желілерін тарту қаржысы 12983,7 мың теңге материалдары дайын болмауына байланысты игерілмеді
Жергілікті бюджет қаржылары 1577,6 мың теңге оның ішінде ЖКХ-бөлімінен -1454,6 мың теңге игерілмей қалды. Қараой селолық округі бойынша 64,9 мың теңге,Сарбие селолық округінен 252,2 мың теңге мемелекеттік сатып алу қортындысымен үнемделген қаржы, Саралжын селолық округінен 563,1 мың теңге қалдық қаржы.
VІ. Депутаттық бақылау
2023 жылдың ішінде аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құрылған жұмыс топтары барлық ауылдық округтер орталығы мен елді мекендеріне депутаттық бақылау жүргізу мақсатында 3 рет жоспарлы іссапарларға барды.
Атап өтетін болсақ, 2023 жылдың тамыз айында аудандағы бюджет қаражаты есебінен салынып жатырған құрылыс нысандарына депутаттық бақылау жасау, қазан айында ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен жиналыс, қараша айында ауылдық округтерге «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» жұмыс тобымен депутаттық бақылау жүргізілді.
Депутаттық бақылау аясында депутаттар сайлаушылардан түскен ұсыныс-пікірлерді назарға алып, оның орындалуын бақылауға алды.
Жыл ішінде сайлаушылардан барлығы 90 ұсыныстар түсіп, оның 24 орындалып, 68 қосымша бақылауға алды. Себебі, ұсыныс-пікірлердің кейбір мәселелерінің орындалуы қаражатты қажет етеді. Сол себепті олар қосымша бақылауға алынып отыр.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихаттардың негізгі қызметі тиісті аумақты және жергілікті бюджетті дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту болып табылады. Осыған сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджетіне 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2023 жылдың қараша айында аудандық мәслихат депуттарының қатысуымен облыстық және аудандық мәслихаттары шешімдерінің орындалуын бақылау мақсатында ауылдық округтерде көшпелі отырыс өткізілді. Көшпелі отырыс барысында Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» №349 шешімі, 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларын бекіту туралы» №84 шешімі, 2021 жылғы 24 ақпандағы «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» №16 шешімі, 2023 жылғы 29 қыркүйектегі «Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» №57 шешімі және аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 13 шілдедегі «Ойыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» №63 шешімінің ауылдық округтер де орындалуы және де ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалуы мен алдағы жылдарға жоспары талқыланды. Ауылдық округтердің қоғамдастық және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен көшпелі отырыста ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері назарға алынды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағындағы 6-тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Ойыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын» уақытылы бекітпегені үшін аудан әкімінің атына 2023 жылдың 6 маусымында №02-6/55 санды қатынасымен тиісті бөлімдердің лауазымды тұлғалары мен ауылдық округ әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолданды.
Ұсыныста - Шешім жобасын әзірлеуші жұмысшы тобының құрылмауына байланысты, оның өте сапасыз әзірленгені (Шешім жобасы тек кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманымен ғана әзірленген, қалған жобаны әзірлеуге қатысы бар тиісті бөлімдер, ауылдық округ әкімдері және осы салаларға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары өз дәрежесінде ат салыспаған);
- жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмыстарының өз дәрежесінде жүрмегендігі (Заң талаптарына сәйкес тиісті аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері бекітілген Шешімді мал жаю маусымы басталар алдында жайылым пайдаланушыларға жергілікті қоғамдастық жиындарында түсіндірулері қажет және оны өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады, бұл шаралар ешбір ауылдық округте ұйымдастырылмаған);
- жайылым пайдаланушылардың елді мекен шегіндегі жайылымдарды шекті рұқсат етілген нормаларға қарамастан өз беттерінше пайдаланғандықтары (Заң талаптарына сәйкес жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін елді мекендер шегінде жайылымдар беру Шешімге сәйкес ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен жүзеге асырылулары тиіс, алайда, ешбір ауылдық округ әкімі бұл құзырды пайдаланбаған, Қайыңды және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімдері тіпті округ орталықтарында сауын сиырлардың күтулерін де ұйымдастырмаған) жайында кемшіліктер кеткені анықталды.
Нәтижесінде жауапты тұлғалар Ойыл аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы М.Туремуратовқа және Қайынды ауылдық округінің әкімі Ы.Қосдәулетовке «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, 26 желтоқсан күні Ойыл аграрлық колледжінің ғимаратында аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өткізілді. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысына облыстық мәслихат депутаты Е.И.Сисенбаев, аудан әкімі А.Қ.Қазыбаев, аудан прокуроры А.Үсенов, аудандағы шаруа қожалық төрағалары мен мүшелерінің және де кейбір аудандық басқарма, бөлім басшыларының қатынасып, көтерілген ауыл шаруашылығы мәселелері жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.
Мәслихат депутаттары - «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын ұстануға және дамытуға тиісті.
Бүгінгі күні аудандық мәслихат депутаттарының сапалық құрамы біздің ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты барлық маңызды мәселелерді іске асыруға мүмкіндік береді. Біздің халық қалаулылары қоғамдағы орны мен рөлін жақсы түсінді, сайлаушылардың мүдделерін түбегейлі қорғауды үйренді. Енді біз алдымызға халықтың еркін білдіру ғана емес, сонымен қатар оны іске асыру шараларын анықтау, олардың жүзеге асырылуын үнемі бақылау міндетін қойдық.
Аудандық өкілді орган алдағы уақытта да өз қызметін жетілдіріп, атқарушы органдармен өзара іс-қимылды нығайтып, аудан игілігі үшін жемісті еңбек ететін болады. Аудандық мәслихат депутаттары өздерінің борыштары мен міндеттерін түсініп, өз сайлаушылары алдында барлық жауапкершілік шараларын атқаратынына сенімдімін.