Ұсынымдарға 3-қосымша
Нысан
Ойыл аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыратыны туралы ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облысының Ойыл аудандық мәслихаты 1 аумақтық және 26 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері Ойыл аудандық мәслихатының сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеудің кіші жүйесі арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12: 30-ден 14: 00-ге дейін жүзеге асырылады.
Ойыл аудандық мәслихаты
Займолдин Сәкен Ғазизұлы Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері : 030900 Ойыл селосы Құрманғазин к-сі 43
Жауапты адам : Дүсіпова Гүлнұр Тлеуғалқызы жұмыс телефоны коды (8-71332) 2-13-70, факс 2-13-70, ұялы телефоны 8 705 918 28 96, электрондық мекен-жайы: maslihat.uil@mail.ru
Ойыл аудандық мәслихаты Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясын және 26 учаскелік сайлау комиссияларын сайлайды:
|
р/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясы орналасқан жер |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
|
|||
|
1 |
Ойыл селосы Көкжар көшесі 69 үй 315 каб. |
7 |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары -26
|
|||
|
1 |
№389 |
Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылы Көкжар көшесі 68, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты |
5 |
|
2 |
№390 |
Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылы Құрманов Исламғали көшесі 86, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
5 |
|
3 |
№391 |
Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылы Шернияз Жарылғасұлы көшесі 36, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Шұғыла мәдениет және демалыс орталығының ғимараты |
5 |
|
4 |
№392 |
Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылы Аманкелді Иманов көшесі 2, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
5 |
|
5 |
№568 |
Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылы Алтынсарин Ыбырай көшесі 19, "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің ғимараты |
5 |
|
6 |
№393 |
Ойыл ауылдық округі Екпетал ауылы Жасыл ел көшесі 21, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Екпетал мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
5 |
|
7 |
№394 |
Ойыл ауылдық округі Қаракемер ауылы Достық көшесі 3, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Қаракемер ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
8 |
№395 |
Ойыл ауылдық округі Ақшатау ауылы Ақжол көшесі 1а, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақшатау орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
5 |
|
9 |
№396 |
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылы Республика көшесі 23, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Құмжарған ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
10 |
№397 |
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі Қаратал ауылы Ш.Берсиев көшесі 39, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ш.Берсиев атындағы модульдік кітапханасының ғимараты |
5 |
|
11 |
№398 |
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі Қарасу ауылы Ахмет Жұбанов көшесі 5, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрманов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
5 |
|
12 |
№399 |
Көптоғай ауылдық округі Амангелді ауылы Астана көшесі 16, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Амангелді ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
13 |
№400 |
Көптоғай ауылдық округі Қарасу ауылы Алашорда көшесі 7, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Қарасу ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
14 |
№401 |
Көптоғай ауылдық округі Көптоғай ауылы Қазақстан көшесі 18, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Көптоғай ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
15 |
№569 |
Көптоғай ауылдық округі Көптоғай ауылы Мектеп көшесі 4, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрман орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
5 |
|
16 |
№402 |
Көптоғай ауылдық округі Шұбарши ауылы Желтоқсан көшесі 19, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Шұбарши ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
17 |
№404 |
Сарбие ауылдық округі Сарбие ауылы Жастар көшесі 13, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Сапақкөл ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
18 |
№405 |
Сарбие ауылдық округі Қаракөл ауылы Абай көшесі 10, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаракөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
5 |
|
19 |
№406 |
Қараой ауылдық округі Қараой ауылы Еңбеккерлер көшесі 2, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Қараой ауылдық клубы |
5 |
|
20 |
№407 |
Сарбие ауылдық округі Құбасай ауылы Қызылқорған көшесі 7, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құбасай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
5 |
|
21 |
№408 |
Саралжын ауылдық округі Саралжын ауылы Бейбітшілік көшесі 15, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Саралжын ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
22 |
№409 |
Саралжын ауылдық округі Шиқұдық ауылы Қайрат Рысқұлбеков көшесі 18, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Шиқұдық ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
23 |
№410 |
Саралжын ауылдық округі Бестамақ ауылы Тайсойған көшесі 6, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Тайсойған ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
24 |
№411 |
Саралжын ауылдық округі Ақкемер ауылы Жеткіншек көшесі 9, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Ақкемер ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
25 |
№412 |
Қайыңды ауылдық округі Ақжар ауылы Мектеп көшесі 4, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Ақжар ауылдық клубының ғимараты |
5 |
|
26 |
№413 |
Қайыңды ауылдық округі Көсембай ауылы Орталық көшесі 10, "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Көсембай ауылдық клубының ғимараты |
5 |
Ойыл аудандық мәслихаты