Аудандық мәслихаттың
кезекті бесінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
- Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі А.Қ.Қазыбаевтың есебі туралы
Баяндамашы: А.Қ.Қазыбаев - аудан әкімі
- Жер заңнамасының сақталуын, жерді қорғау және пайдалану талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы
Хабарламашы: М.О.Төремұратов - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
- Ойыл ауданындағы дене шынықтыру мен спорттың жағдайы және одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы
Хабарламашы: Б.Ж.Мұхамбетқали - аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі
- Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері туралы
Хабарламашы: А.Қ.Мубараков - аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
- «Ойыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы»
Хабарламашы: А.Мубараков – аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №192 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және
қаржы бөлімінің басшысы
- Аудандық мәслихат депутаты Е.Ж.Жиеналиннің депутаттық сауалы туралы
Хабарламашы: Е.Ж.Жиеналин - аудандық мәслихат депутаты
- Аудандық мәслихат депутаты С.Ғ.Займолдиннің депутаттық сауалы туралы
- Аудандық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы
- Аудандық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясына 18 шілдеге дейін үзіліс жариялау туралы
Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы
18 шілде
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №208 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Аудандық мәслихат
төрағасы: С.Ғ.Займолдин