Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс төртінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс төртінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
- Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 тамыздағы № 425 «Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Иманғалиев - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №167 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №171 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №172 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №174 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 192 «Ойыл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Е.М.Тлепов - аудан әкімі аппаратының аппарат басшысы
- Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 256 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: М.Жантекова – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы
- Аудандық жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы
Хабарламашы: М.Төремұратов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
Аудандық мәслихат
төрағасы: С.Ғ.Займолдин