Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс екінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №192 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және
қаржы бөлімінің басшысы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №167 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №171 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №172 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №174 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №175 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №176 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Е.М.Тлепов – аудан әкімі аппаратының басшысы
- Аудандық мәслихаттың «Аудан әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегі комиссия құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 6 мамырдағы №136 шешімін жою туралы
Хабарламашы: Б.Ж.Иманғалиев – аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламар бөлімінің басшысы
- Аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы
Хабарламашы: М.Төремұратов - аудандық жер бөлімінің басшысы
- Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 182 «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
12 Ойыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтардағы №11 «Ойыл аудандық мәслихатының Регламенті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Хабарламашы: М.Ү.Жантекова - аудандық мәслихат аппаратының
бөлім басшысы
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясына 24 сәуірге дейін үзіліс жариялау туралы
Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы
24 сәуір
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №208 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы
бөлімінің басшысы
|
Аудандық мәслихат төрағасы
|
|
С.Ғ.Займолдин
|