Шешім №369

Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 6657 болып тіркелді

 

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

6 қаңтар 2020 жыл                      № 369                                Ойыл селосы

 

2020-2022 жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық

округ бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2020-2022 жылдарға Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 58 105 мың теңге;

оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 648 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 185 мың теңге;

трансферттер түсімі – 44 351 мың теңге;

2) шығындар – 58 105 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен

операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану) – 0 мың теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне есептелетін болып ескерілсін:

жеке табыс салығы;

жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

жер салығы;

көлік құралдарына салық;

мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;

басқа да салықтық емес түсiмдер.

  1. Қазақстан Республикасының 2019 жылдың 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7 бабына сәйкес белгіленгені мәліметке және басшылыққа алынсын:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге.

  1. 2020 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 44 351 мың теңге.
  2. 2020 жылға арналған ауылдық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

1) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға –  835  мың теңге;

2) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуді ұлғайтуға – 9 700 мың теңге;

3) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын күнтізбелік 42 күн ұзақтығы 56 күнге дейін ұлғайтуға – 786 мың теңге;

4) атаулы әлеуметтік көмек алатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тамақтану ақысын төмендетуге – 600 мың теңге.

  1. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ойыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

С. Нурбаев

Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы

 

Е. Жиеналин

Шешім №369
Дата публикации
10 мая 2023