Шешім №368(14.01.20.№6662)

Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 6662 болып тіркелді

 

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

6 қаңтар 2020 жыл                      № 368                                Ойыл селосы 

 

2020-2022 жылдарға арналған Көптоғай ауылдық

округ бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  Бюджет кодексінің 9-1 бабының  2-тармағына,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Заңының 6 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2020-2022 жылдарға Көптоғай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 53 877 мың теңге;

оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 302 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 169 мың теңге;

трансферттер түсімі – 51 406 мың теңге;

2) шығындар – 53 877 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен

операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану) –  0 мың теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне есептелетін болып ескерілсін:

жеке табыс салығы;

жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

жер салығы;

көлік құралдарына салық;

мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;

басқа да салықтық емес түсiмдер.

  1. Қазақстан Республикасының 2019 жылдың 4 желтоқсанындағы «2020 –2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7 бабына сәйкес белгіленгені мәліметке және басшылыққа алынсын:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге.

  1. 2020 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 40 570 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2020 жылға арналған ауылдық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

1) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға –  792  мың теңге;

2) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуді ұлғайтуға – 8 766 мың теңге;

3) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын күнтізбелік 42 күн ұзақтығы 56 күнге дейін ұлғайтуға – 623 мың теңге;

4) атаулы әлеуметтік көмек алатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тамақтану ақысын төмендетуге – 655 мың теңге.

  1. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                   

Ойыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

С. Нурбаев

Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы

 

Е. Жиеналин

Шешім №368(14.01.20.№6662)
Дата публикации
10 мая 2023