ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ № 326

Ойыл аудандық әділет басқармасында 2019 жылғы 20 тамызда № 6367 болып тіркелді

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

9 тамыз 2019 жыл                              № 326                                Ойыл селосы

 

Ойыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №248

«2019-2021 жылдарға арналған Ойыл ауылдық округ

бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер

 енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ойыл аудандық маслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №248 «2019-2021 жылдарға арналған Ойыл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-11-156 номерімен тіркелген, 2019 жылы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақта:

1) тармақшасында: кірістер

«239 074,2» сандары  «247 757,2» сандарымен ауыстырылсын;

трансферттер түсімі

«225 304,2» сандары  «233 987,2» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

шығындар

«241 306,1» сандары  «249 989,1» сандарымен ауыстырылсын;

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

 

  1. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихаттың                  Аудандық мәслихат

сессия төрағасы:                               хатшысы:

И.Қосдаулетов                                   Е.Жиеналин

Қосымша № 326
Дата публикации
05 мая 2023