Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына,  2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің  56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәcлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы  № 277 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4724 болып тіркелген, 2016 жылы 26 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы шешімді Ойыл аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихаттың                         Аудандық мәслихат
сессия төрағасы:                               хатшысының міндетін атқарушы:
 Ж.Хамзин                                                            А.К.Мамбетова

 

«Келісілді»
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы: Қ. Отаров

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Ақтөбе облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 14.06.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6255 болып енгізілді

 

Результаты согласования

ГУ «Аппарат Уилского районного маслихата» - Руководитель аппарата Мынжасар Кемалханулы Досов, 11.06.2019 12:02:35, положительный результат проверки ЭЦП

ГУ «Аппарат Уилского районного маслихата» - И.о. секретаря Уилского районного маслихата АЙСУЛУ КЕНЕСАРОВНА МАМБЕТОВА, 11.06.2019 12:03:46, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Актюбинской области - Руководитель департамента Бекбулат Жуматаевич Колумбаев, 12.06.2019 17:33:44, положительный результат проверки ЭЦП

Қосымша №308
Дата публикации
05 мая 2023