Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 249 «2019-2021 жылдарға арналған Көптогай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әділет департаментінде

2019 жылғы 16 сәуірде № 6106 болып тіркелді

 

 

Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 249

«2019-2021 жылдарға арналған Көптогай ауылдық округ

 бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2-тармағына, 106, 109-1 баптарына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 249 «2019-2021 жылдарға арналған Көптоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-157 номерімен тіркелген, 2019 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақта:

2) тармақшасында:

шығындар

«40 084» сандары «40 342,5» сандарымен ауыстырылсын;

5) тармақшасында:

бюджет тапшылығы (профициті)

«0» саны «-258,5» сандарымен ауыстырылсын;

6) тармақшасында:

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

«0» саны «258,5» сандарымен ауыстырылсын.

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                                      

сессия төрағасы: Е.Жиеналин                                     

Аудандық мәслихат

хатшысының м.а: А.Мамбетова                                      

Приложения к реш Коптоғай №278
Дата публикации
25 апреля 2023