Ойыл ауданының Қоғамдық кенесі туралы ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
- Осы Ойыл ауданының Қоғамдық кеңес туралы Ереже (бұдан әрі-Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының (бұдан әрі-Заң) 8-бабынын 5-тармагына және 9-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы үкіметінін 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік Ережеге сәйкес әзірленді.
- Қоғамдық кеңес - коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп жергілікті өкілді органның өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кенесші, байқаушы орган.
- Қоғамдық кеңес өкілеттіліктерінің мерзімі үш жылды құрайды.
- Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативті-кеңесші, байқаушы органдар және коммерцилық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
- Қоғамдық кеңес өз қызыметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актіледі, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.