ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң) 10-бабына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы хабарлайды.

 

Округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұрады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық Заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлғалар оның жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштерді қоса береді.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың жоғары тұрған құрылымдық бөлімшелері құрылатын сайлау комиссиясына қатысты 2023 жылдың 2 қаңтарынан бастап 16 қаңтарына дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ға дейін) аралықтағы кезеңде мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;

2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil?lang=kk).

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Ойыл аудандық мәслихаты,  Мәслихаттың мекен-жайы: Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі 43 үй.

Жауапты тұлға - Досов Мыңжасар Кемалханұлы, қалааралық телефон коды (871332), қызмет телефондары 2-13-70, 2-11-78, факс: 2-13-70, ұялы телефоны 8-702-278-46-99 электрондық пошта: maslihat.uil@mail.ru

 

 

ОКРУГТІК КОМИССИЯЛАРЫ БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР:

 

қ/с

Округтік сайлау комиссияларының нөмірі

Бос орындар саны

1

№1 округтік сайлау комиссиясы

5

2

№2 округтік сайлау комиссиясы

5

3

№3 округтік сайлау комиссиясы

5

4

№4 округтік сайлау комиссиясы

5

5

№5 округтік сайлау комиссиясы

5

6

№6 округтік сайлау комиссиясы

5

7

№7 округтік сайлау комиссиясы

5

8

№8 округтік сайлау комиссиясы

5

9

№9 округтік сайлау комиссиясы

5

10

№10 округтік сайлау комиссиясы

5

11

№11  округтік сайлау комиссиясы

5

 

 

Дата публикации
30 декабря 2022