Ойыл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес, сайлау комиссиясының мүшелігінен шығып қалған бос орынға сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясының мүшелігіне өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылған сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылдың 14 желтоқсанан бастап 28 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы мәлімет;
2) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға, сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат аталған комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруы қажет.
Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз нысандағы барлық құжаттар қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылдың 29 желтоқсанына дейін, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09:00 ден 18:30-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 12.30-дан 14:00-ге дейін.
Ойыл аудандық мәслихаты, Мәслихаттың мекен-жайы: Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі 43 үй.
Жауапты тұлға - Досов Мыңжасар Кемалханұлы, қалааралық телефон коды (871332), қызмет телефондары 2-13-70, 2-11-78, факс: 2-13-70, ұялы телефоны 8-702-278-46-99 электрондық пошта: maslixat.uil@mail.ru
САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР:
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
Бос орындар саны 1 |