Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясын шақыру туралы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ  ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

 

23 маусым 2026 жыл                            № 32                                     Ойыл селосы  

 

Аудандық мәслихаттың 

кезектен тыс отыз екінші

сессиясын шақыру туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына  және Ойыл ауданы әкімінің 2026 жылғы 23 маусымдағы №06-16/684 ұсынысына сәйкес  ШЕШІМ ЕТЕМІН:

         Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2026 жылдың 29 маусым күні сағат 10.00-ге аудан әкімдігінің мәжіліс залына шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы              19 желтоқсандағы № 294 «2026-2028 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

         Хабарламашы: Б.Әділханов – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

  1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 «Ойыл ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын  сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

         Хабарламашы: А.Ж.Мусин – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы

           

        

           Аудандық мәслихат                                             

                  төрағасы:                                                      С.Ғ.Займолдин

Дата публикации
24 июня 2026