Ұйғыр ауданының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
3-тарау. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары
1) тәуелсіздік;
2) мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;
3) автономдық;
4) дербестік;
5) жариялылық.
4-тарау. Қоғамдық кеңестің жұмыс органдарын ұйымдастыру
1) зерделенетін мәселелер бойынша материалдармен алдын ала танысуды және қарау қорытындылары бойынша оның бағытына сәйкес мәселелерді Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысында қарауға дайындауды жүзеге асырады; және оның бағыттарына сәйкес оларды Қоғамдық кеңестер комиссияларына қарауға ұсынады;
2) зерделенетін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындайды және оларды қоғамдық кеңестер комиссияларында қарау үшін оның бағытына сәйкес ұсынады.
Сараптама тобының зерделенетін мәселелер бойынша қорытынды материалдарын Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясының ұсынысы бойынша қарайды.
14-1. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамының бірінші отырысында қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, төралқа құрамы, Қоғамдық кеңес комиссия құрамдары сайланады.
Төраға мен төралқаның құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасынан азаматтық қоғамнан сайланады.
Төралқа мүшелерінің санын Қоғамдық кеңес өз бетінше айқындайды.
Өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңестің төрағасы өз міндеттерін атқаруды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
Қоғамдық кеңес төрағасының өкілеттігі тоқтатылған жағдайда, оның өкілеттігі жаңа төраға сайланғанға дейін Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша төралқа мүшелерінің біріне беріледі.
5-тарау. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын талқылау;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының орындалуын талқылау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысы мониторингінің нәтижелерін қарау;
3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
4-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді талқылау;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою), Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
6) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік органның немесе өңірдің тиісті қызмет саласының қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
7-1) Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;
8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген нысандарда жүзеге асыру;
9) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру;
10) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі жұмысына қатысу;
11) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы шешімінің жобасын қарау;
12) мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдау.
16-1. Жұмыс жоспарлары Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалады және Қоғамдық кеңестің отырысында бекітіледі.
Отырыстарды дайындау және өткізу кезінде Қоғамдық кеңес мынадай:
1) отырыстардың күн тәртібін, өткізу мерзімдері мен орнын талқылау және бекіту;
2) Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылатын мәселелерді дайындау;
3) осы Ереженің 20-тармағына сәйкес қажетті қатысушыларды шақыру;
4) отырыс өткізу мәселелерін қарайды.
Қоғамдық кеңестің отырыстарын Қоғамдық кеңестің төрағасы не оны алмастыратын адам жүргізеді.
Қоғамдық кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы қол қояды және тиісті интернет-ресурста жарияланады.
Отырыстарды өткізудің өзге де мәселелерін Қоғамдық кеңес туралы Ережеге сәйкес Қоғамдық кеңес өз бетінше айқындайды.
Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Қоғамдық кеңес хатшысы Қоғамдық кеңес мүшелерін, шақырылатын адамдарды және отырыстың өзге де қатысушыларын отырысты өткізу туралы алдын ала, бірақ ол өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
1) өз құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органға немесе жергілікті өкілді органға өтініш жіберу туралы;
2) осы өтінішті Қоғамдық кеңестің отырысында қарау туралы;
3) келіп түскен өтінішті қарау бойынша қоғамдық бақылау нысандарының бірін өткізу туралы.
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
6-тарау. Қоғамдық кеңес төрағасының өкілеттігі
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) Регламентке және отырыстың бекітілген күн тәртібіне сәйкес отвырыстарда төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалған тәртіппен олардан ұсыныстар түскен кезде кезектілік тәртібімен Қоғамдық кеңес мүшелеріне сөз береді;
4) Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын олардың түсу тәртібімен дауысқа салады;
5) Дауыс беруді жүргізеді және оның нәтижелерін жариялайды;
6) Қоғамдық кеңес отырысының хаттамаларының жүргізілуін бақылайды;
7) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
8) Қоғамдық кеңестің шешімдерін орындау жөніндегі қызметті үйлестіреді;
9) Өзі болмаған кезде төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді;
10) Мемлекеттік органдардан Қоғамдық кеңес отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша қосымша материалдарды сұратып алады.
7-тарау. Қоғамдық кеңес төралқасының өкілеттіктері
39.1. Қоғамдық кеңестің төралқасы:
1) Қоғамдық кеңестің комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
2) Қоғамдық кеңес отырыстарын дайындауды ұйымдастырады;
3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
4) Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
8-тарау. Қоғамдық кеңес комиссияларының қызметін ұйымдастыру тәртібі
отырысында комиссия төрағасының міндеттерін орындаудан мерзімінен бұрын босату туралы мәселе қаралады.
1) материалдарды алдын ала зерделеуді және комиссияның Қоғамдық кеңес отырысының қарауына жіберу үшін мәселелерді дайындауды жүзеге асыру;
2) комиссияның жолдамасы бойынша Қоғамдық кеңес шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
3) комиссияның жолдамасы бойынша Қоғамдық кеңеске сараптамалық қорытындылардың жобаларын енгізу;
4) Қоғамдық кеңестің шешімдеріне сәйкес, мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және басқа да ұйымдарға Қоғамдық кеңестің сұрау салуларының жобаларын дайындау;
5) Қоғамдық кеңестің шешіміне сәйкес, Қоғамдық кеңестің қоғамдық іс-шараларын ұйымдастыруға;
6) комиссияның жолдамасы бойынша мемлекеттік орган қызметінің әртүрлі салаларындағы істердің жай-күйіне талдау жүргізу;
7) Қоғамдық кеңестің іс-шараларын өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
8) өз қызметін ұйымдастыру туралы шешім қабылдау;
9) Қоғамдық кеңеске келіп түскен азаматтар мен ұйымдардың өтініштері бойынша алынған ақпаратты жинақтау, азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың бастамалары туралы ақпаратты жинау және өңдеу.
10) Қоғамдық кеңес комиссиясының отырыстарында нормативтік құқықтық актілердің жобалары олардың мамандануына қарай алдын ала қаралады.
11) Қоғамдық кеңестің комиссиялары алдағы жылға жұмыс жоспарларын қалыптастырады және Қоғамдық кеңеске атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы есеп береді.
9-тарау. Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен, Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген мәселелер бойынша – мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;
2) Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары өткізетін іс-шараларға қатысуға;
3) Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.
4) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты, Қоғамдық кеңесте қаралуға жататын нормативтік құқықтық актілерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
5) Ұйғыр ауданы мәслихатынан Қоғамдық кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын құжатты алуға;
6) тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін Қоғамдық кеңестің отырысына шақыруға;
7) қажеттілігіне қарай тұрақты және уақытша жұмыс органдарын: комитеттер мен сараптама топтарын құруға құқығы бар;
8) ерекше тәртіп қолданыла отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысуға.
1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) Ұйғыр ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруға;
5) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қол жеткізуге шектеу қойылмайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органнан, жергілікті өзін-өзі басқару органынан алынған дербес деректерді дербес деректер субъектісінің келісімінсіз таратпауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
10-тарау. Жиналыстарды өткізу мен шешімдерді қабылдаудың тәртібі
1) жиналыстың күні мен орны;
2) қатысқан адамдар саны;
3) сөйлеушілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
4) күн тәртібі, баяндама мен баяндаманың мазмұны.
11-тарау. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы
1) өзінің азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен іс-қимыл жасау нәтижелері;
2) Қоғамдық кеңестің құрамы;
3) отырыстардың күн тәртібі;
4) қабылданған шешімдер;
5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабар береді.
12-тарау. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату
1) ол қайтыс болған жағдайда;
2) сот хабарсыз кетті деп танығанда;
3) сот қайтыс болды деп жариялағанда;
4) сот Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығанда;
5) Қоғамдық кеңестің отырыстарына дәлелсіз себептермен бір жыл ішінде үш реттен артық қатыспағанда;
6) Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғамнан сайланған мүшесі мемлекеттік қызметке кіргенде;
7) Қоғамдық кеңеске өкілі сайланған коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда;
8) Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер басталған жағдайда, Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
13-тарау. Шығып қалған Қоғамдық кеңес мүшесінің орнына қосымша конкурс өткізу тәртібі
Қоғамдық кеңес резервтік тізімнен Қоғамдық кеңестің құрамына алынған жаңа мүшелерді Ұйғыр ауданы мәслихатының төрағасы бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) Ұйғыр ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
1) Ұйғыр ауданы мәслихатының атауы;
2) құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайлары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі, олардың тізбесі және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар;
3) мемлекеттік органдардың мен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе Ұйғыр ауданы мәслихатының көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Әңгімелесу аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері әрбір кандидат бойынша ашық дауыс береді.
Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі.
Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы шешуші дауыс беру құқығын өзіне қалдырады.
Қоғамдық кеңес құрамына қосымша конкурс қорытындысымен сайланған кандидаттарды Ұйғыр ауданы мәслихатының төрағасы бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) Ұйғыр ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
14-тарау. Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту тәртібі
15 тарау. Қоғамдық кеңес мүшелерінің мінез-құлқының этикалық нормалары
16-тарау. Қоғамдық кеңестің қызметін тоқтату
17-тарау. Өтпелі және қорытынды ережелер