ЖОБА
Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ұйғыр ауданының мәслихатының 2024 жылғы «___»__________ №________ шешіміне қосымша
|
Ұйғыр аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
- «Ұйғыр ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2014 жылғы 28 ақпандағы № 29-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2646 тіркелген);
- «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы» 2014 жылғы 24 қарашадағы № 41-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2961 тіркелген);
- «Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы № 45-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3148 тіркелген);
- «Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы № 47-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3244 тіркелген);
- «Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы «Ұйғыр ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 45-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы № 47-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 тіркелген);
- «Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы «Ұйғыр ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 45-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 28 ақпандағы № 6-11-67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген);
- «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-22-139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 тіркелген);
- «Ұйғыр ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 19 қазандағы № 6-39-232 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4921 тіркелген);
- «Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы «Ұйғыр ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 45-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 22 қазандағы № 7-14-67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25155 тіркелген).