ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ

ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ

ХАТТАМА№1

 

Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау

Өткізілген күні: «20» қыркүйек 2026 жыл, Өтеген батыр ауылы

Қатысқандар: «Ұйғыр аудандық мәслихат аппараты» ММ қызметкерлері

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау
  2. Анықталған тәуекелдердің алдын алу және оларды төмендету жөніндегі шараларды қарау

 

               ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мәслихат аппаратының басшысы А.Манапова сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік орган қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, оларды анықтау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

Мәслихат аппаратының қызметіне жүргізілген ішкі талдау барысында мемлекеттік сатып алу, кадрлық рәсімдер, азаматтардың өтініштерін қарау, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және тіркеу, құжат айналымы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау бағыттары бойынша ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды.

 

АНЫҚТАЛДЫ:

Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәукелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін  факторлар анықталмады.

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды болдырмау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілсін.
  2. Аппарат басшысына қызметтік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылсын.
  3. Кадрлық және өзге де әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде ашықтық пен объективтілік қағидаттарының сақталуы қамтамасыз етілсін.
  4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау қамтамасыз етілсін.
  5. Қызметтік міндеттерді орындау барысында мүделлер қақтығысына жол бермеу, сондай –ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін жағдайлардың алдын алу қамтамасыз етілсін.
  6. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды сақтау қажеттілігі түсіндірілсін.
  7. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және олардың алдын алу бойынша қабылдаған шаралардың орындалуына жауапты тұлғалар белгіленсін.
  8. Хаттамада көрсетілген шаралардың орындалуын бақылау аппарат басшысы А.Манаповаға жүктелсін.

 

Төрағалық етуші:                          Н.Есжан

Хатшы:                                             Г.Ашимова

 

Танысты:

Аппарат басшысы    А.Манапова

Бас маман        А.Сайден

Бас маман         Д.Ишкуллаев

Бас маман         А.Нұрахмет

Дата публикации
12 октября 2026