СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында ӨКІМ ЕТЕМІН:
- Ұйғыр аудандық мәслихатының аппаратында «07» қыркүйек 2026 жылдан «30» қыркүйек 2026 жылға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы мынадай құрамда бекітілсін:
Жұмыс тобының төрағасы: Н.Есжан
Жұмыс тобының мүшелері:
- Аппарат басшысы А.Манапова;
- Бас маман Г.Ашимова;
- Бас маман А.Нұрахмет;
- Бас маман А.Сайден;
- Бас маман Д.Ишкуллаев.
- Жұмыс тобына нормативтік құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу, тәуекелдерді анықтау, олардың себептері мен жағдайларын айқындау және ұсынымдар әзірлеу тапсырылсын.
- Талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат басшысы А.Манаповаға жүктелсін.
Мәслихат төрағасы Н.Есжан