Түркістан облыстық мәслихатының аппараты қызметінің 2025 жылғы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
Түркістан қаласы 12.01.2026 жыл
І- Ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы: Түркістан облыстық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:
- Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдау бөлімі
- Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының қызметін қозғайтын 1 нормативтік құқықтық актілер бар:
- Түркістан облыстық облыстық мәслихатының регламенті Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 3/37-VI шешімімен бекітілді.
Жоғарыда аталған 1 нормативтік құқықтық актілер құқықтық акті заң талаптарына сәйкес.
- Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормативтік құқықтық актілер анықталмады.
- Түркістан облыстық мәслихаты 2025 жылы 73 шешім қабылдаған. Қабылданған шешімдерде сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.
- Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ.
- Түркістан облыстық мәслихаты аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 281 өтініш түскен. Оның 228 - арыз, 7 - шағым және 46 - басқа да өтініштер.
Барлық өтініш иелеріне Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мерзімінде жазбаша түсініктеме берілген. Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының арыз-шағым жәшігіне ешқандай өтініш, ұсыныс, талаптар түспеген.
- Түркістан облыстық мәслихаты аппаратына прокурорлық қадағалау актілері түспеген.
- Түркістан облыстық мәслихаты аппаратына сот актілері түспеген.
Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының қызметі.
8. Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының штаттық құрылымы 10 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады. Атап айтқанда, мәслихат аппаратының басшысы 1 бірлік, аппарат басшының орынбасары 1 бірлік, бас инспектор 8 бірлік. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілер арасында кадрлардың ауысуы болған жоқ.
9. Түркістан облыстық мәслихаты аппаратында есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
10. Түркістан облыстық мәслихатының аппараты мемлекеттік қызмет (гос услуги) көрсетпейді.
11. Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының рұқсат беру функциясы жоқ.
12. Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының бақылау функциясы жоқ.
13. Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының сенім сымтетігі толықтай жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.
14. Облыстық мәслихат төрағасы 2025 жылы 211 өкім шығарған. Барлық өкімдерді талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.
15. Түркістан облыстық мәслихатының аппаратында Мемлекеттік сатып алу барысында мүдделер қақтығысы анықталмады.
КЕЛІСІЛДІ
«____»____ 2026ж.
Түркістан облыстық
мәслихаты аппаратының
басшысы
_________________ М. Исаев қолы