Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті қырық бесінші сессиясы аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Қ.Сыздықовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкіміның орынбасары С.Дүйсебаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. «2025 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің есебі;
2. «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2025 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің есебі;
3. «Сайрам ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №35-243/ⅤІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» облыстық тексеру комиссиясының есебі;
5. Сайрам аудандық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есебі;
6. «Сайрам ауданы аумағында қалыптасқан экологиялық жағдай туралы» Түркістан облысы бойынша экология департаментінің ақпараты.
Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер салалығына қарай мәслихаттың тұрақты комиссияларының жеке және бірлескен отырыстарында алдын-ала қаралып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданды.