Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 23-169/VIII "2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 23-169/VIII "2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 27-199/VIII шешiмi

      Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сайрам аудандық мәслихатының "2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №23-169/VІІІ шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

       1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

       "1. Сайрам ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

      1) кiрiстер – 23 168 763 мың теңге:

      салықтық түсiмдер – 9 468 161 мың теңге;

      салықтық емес түсiмдер – 15 419 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 529 558 мың теңге;

      трансферттер түсiмi – 13 155 625 мың теңге;

      2) шығындар – 24 227 862 мың теңге;

       3) таза бюджеттiк кредиттеу – - 49 312 мың теңге:

      бюджеттік кредиттер – 19 660 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 68 972 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 009 787 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 009 787 мың теңге:

      қарыздар түсімі – 734 922 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 68 972 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 343 837 мың теңге.";

       көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
26 мая 2025