Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 23-169/VIII шешімі
2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кiрiстер – 23 476 629 мың теңге:
салықтық түсiмдер – 9 035 463 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 15 419 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 113 350 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 14 312 397 мың теңге;
2) шығындар – 23 476 629 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – - 49 312 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 19 660 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 68 972 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 49 312 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
-49 312 мың теңге:
қарыздар түсімі – 19 660 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 68 972 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.
аудандық бюджетке ірі кәсіпкерлік субьектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығынан 50 пайыз;
аудандық бюджетке төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан 50 пайыз;
аудандық бюджетке төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығынан 50 пайыз;
аудандық бюджетке әлеуметтік салықтан 49,6 пайыз болып белгіленсін.
Ақсукент ауылдық округіне 308 809 мың теңге;
Арыс ауылдық округіне 25 809 мың теңге;
Қөлкент ауылдық округіне 67 876 мың теңге;
Қарабұлақ ауылдық округіне 101 743 мың теңге;
Қарамұрт ауылдық округіне 18 789 мың теңге;
Қарасу ауылдық округіне 28 996 мың теңге;
Манкент ауылдық округіне 104 091 мың теңге.
Ақбұлақ ауылдық округіне 23 986 мың теңге;
Жібек жолы ауылдық округіне 14 137 мың теңге;
Қайнарбұлақ ауылдық округіне 9 196 мың теңге;
Құтарыс ауылдық округіне 17 196 мың теңге.
Сайрам аудандық
мәслихатының төрағасы Ш.Халмурадов