Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №9-64/VIII «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

13  желтоқсан 2024 жыл                                                       22- 165/VIII

 

Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы

№9-64/VIII «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

                                  шешіміне өзгерістер енгізу туралы      

                                                                 

Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1.Сайрам аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №9-64/VІІІ шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Сайрам ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті    1, 2 және 3-қосымшаларға  сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 20 613 493 мың теңге:

салықтық түсiмдер – 8 632 631 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 24 254 мың теңге;

негізгі  капиталды   сатудан  түсетін   түсімдер – 380 976 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 11 575 632 мың теңге;

2) шығындар – 20 986 405 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – - 69 285 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 69 285 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;        

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 303 627 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 303 627   

мың теңге:

қарыздар түсімі – 30 041 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 69 285 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 342 871 мың теңге.».

«4. 2024 жылға ауылдық округтер бюджеттерінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлар 906 814 мың теңге көлемінде қарастырылсын, оның iшiнде:

Ақсукент ауылдық округіне            358 540 мың теңге;

Қарабұлақ ауылдық округіне           176 743 мың теңге;

Қарамұрт ауылдық округіне           209 083 мың теңге;

Қарасу ауылдық округіне                 60 357 мың теңге;

Манкент ауылдық округіне             102 091 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                                      

 

     Сайрам аудандық

     мәслихатының төрағасы                                                  Ш.Халмурадов

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 декабря 2024