Кентау қалалық мәслихатының бюджет және бірлескен тұрақты комиссиялар отырысының
Х А Т Т А М А С Ы
Өткізу орны: Кентау қаласы, қалалық мәслихаттың мәжіліс залы
Өткізу уақыты: 5 ақпан 2025 жыл сағат 16:00
Комиссиядағы депутаттардың саны – 12
Отырысқа қатысқандар –8
Отырысқа қатысқан депутаттар: Қ.Елеусизов, Б.Хабибов, Н.Шалаев, Ұ.Мұсаханова, Б.Жабанов, С.Садинов, А.Басаров, Е.Аринов.
Шақырылғандар: Қала әкімінің орынбасары Н.Көкенов, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Азизбаев; қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Оралбек, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жақаев.
Отырысты жүргізген қалалық мәслихат төрағасы Қ.Елеусизов.
Күн тәртібі:
Тыңдалды: Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №161 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Азизбаев (баяндамасы қоса тіркеледі).
Баяндаманы тыңдай келе, қалалық мәслихат депутаттары төмендегідей ұсыныстарды берді:
Депутат Қ.Елеусизов:
Депутат Б.Жабанов:
Тыңдалды: Кентау қаласының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит беру туралы.
Баяндамашы: Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Азизбаев (баяндамасы қоса тіркеледі).
Тыңдалды: Кентау қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы.
Баяндамашы: Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Оралбек (баяндамасы қоса тіркеледі).
Тыңдалды: Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Кентау қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстарды енгізу туралы.
Баяндамашы: Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жақаев (баяндамасы қоса тіркеледі).
Баяндаманы тыңдай келе, қалалық мәслихат депутаттары төмендегідей ұсыныстарды берді:
Депутат С.Садинов: Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңының 25-5 бабы, 5-тармағына сәйкес, қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың жеке есімдерін қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беру болып табылады – делінген. Осыған байланысты қаланың «Құрметті азаматы» болған қала жанашыры Мұқан Тұрысбековтың есімін қала көшелерінің біріне беруді ұсынамын.
Депутат Ұ.Мұсаханова:
Депутат Б.Хабибов: Түркістан облыстық ономастикалық комиссиясының мүшесі ретінде Байылдыр ауылының Чехов көшесін күн тәртібіндегі шешімге енгізуді ұсынамын.
Тыңдалды: Түркістан облысы ономастика комиссиясының қарауына Кентау қаласының көшелерін қайта атау бойынша ұсыныстарды енгізу туралы.
Баяндамашы: Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жақаев (баяндамасы қоса тіркеледі).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, бірлескен тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:
Қалалық мәслихаттың экономика,
қаржы, активтер, кәсіпкерлікті
дамыту, инвестициялар
және жер қатынастары
жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрағасы А.Басаров
Қалалық мәслихаттың коммуналдық
инфрақұрылым, құрылыс, сәулет,
урбанистика және энергетика
жөніндегі тұрақты комиссиясының
төрағасы Е.Аринов
Қалалық мәслихаттың қоғамдық даму,
мәдениет, спорт, дін, жастар, денсаулық
сақтау, білім, жұмыспен қамту және
депутаттық этика жөніндегі тұрақты
комиссиясының мүшесі Н.Шалаев