Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қазығұрт ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер – 9 241 816 мың теңге:
салықтық түсiмдер – 6 331 325 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 38 758 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 305 668 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 2 566 065 мың теңге;
2) шығындар – 9 793 099 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 286 627 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 475 750 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 189 123 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -837 910 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –837 910 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 475 750 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 189 123 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 551 283 мың теңге.
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Т.Қалымбетов