Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістеренгізу туралы

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістеренгізу туралы

 

Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIIІ(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №204775 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қазығұрт ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 10 865 644 мың теңге:

салықтық түсiмдер – 4 101 894 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 56 164 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 48 969 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 6 658 617 мың теңге;

2) шығындар – 11 094 692 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 325 196 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 481 670 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 156 474 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -554 244 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 554 244 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 481 670 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 156 474 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 229 048 мың теңге.

көрсетілген шешімнің 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2025 жылы салық түсімдерінен облыстық бюджетке ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша 50 пайыз, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 57,4 пайыз, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы 50 пайыз және әлеуметтік салықтан 47,8 пайыз мөлшерінде бөлу нормативтері белгіленсін.
  2. Аудан әкімдігінің 2025 жылға арналған резерві – 37 832 мың теңге көлемінде бекітілсін.

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

Аудандық мәслихаттың төрағасы

 

 

 

 

Т.Қалымбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістеренгізу туралы
Дата публикации
19 мая 2025