Қазығұрт аудандық мәслихатының ШЕШІМІ:
№26/165-VІІІ 02 сәуір 2025 жыл
Қазығұрт аудандық мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазығұрт
ауданындағы учаскелік сайлау
комиссияларының мүшелерін сайлау
туралы» №10/63-VІІІ шешіміне
өзгерістер енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 7-1 тармақшасына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қазығұрт ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына төмендегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлансын:
№266 учаскелік сайлау комиссиясы
(Жаңабазар ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Р. Ханалы көшесі №17).
1) Сырлыбай Айнур Бекжанқызы – «Жұлдыз» С.С. балабақшасы тәрбиешісі, Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің өкілі.
№267 учаскелік сайлау комиссиясы
(Үлгілі ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Елшібек батыр көшесі №58).
2) Сатеева Эльмира Даулетовна – жұмыссыз, Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің өкілі.
№277 учаскелік сайлау комиссиясы
(Өгем ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Өгем» бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі).
3) Нысанқұл Айдана Сейтжаппарқызы – Өгем бастауыш мектебінің күзетшісі, «Ақжол» партиясының өкілі.
№279 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қазығұрт ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ж.Төлеев көшесі №2).
4) Куралов Галымжан Абубакирович – аудандық мәдениет сарайының суретшісі, Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің өкілі.
№280 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қазығұрт ауылы, «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қонаев көшесі №92).
5) Адамбеков Нурбол Исакович – аудандық мәдениет сарайының әдіскері, Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің өкілі.
№281 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қазығұрт ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қалаубек Тұрсынқұлов» атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қ.Абдалиев көшесі №76).
6) Каримов Смадияр Махмудович – Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясының директоры, «Аманат» партиясының өкілі.
№284 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қазығұрт ауылы, Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Е.Тасанбаев» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Телемұнара көшесі №53).
7) Даулетова Кундузай Ержанқызы – Жастар ресурстық орталығының әдіскері, Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің өкілі.
№285 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қазығұрт ауылы, Түркістан облысы білім басқармасының «№11 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Д.Қонаев көшесі №2).
8) Артықбаева Айжарқын Баратовна – «Қазпочта» АҚ кассирі, Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің өкілі.
№286 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қазығұрт ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «О.Жандосов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, К.Әзірбаев көшесі №92А)
9) Нұрқұл Жанат Қаныбекқызы – О.Жандосов атындағы ЖОББМ директоры, Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің өкілі.
10) Наушабекова Маншук Абдирахбановна – Қазығұрт аудандық орталық аурухана есепшісі, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
11) Дүйсебеков Әліби Дидарбекұлы – Қ.Сатбаев атындағы мектеп-лицейінің лаборанты, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№ 291 учаскелік сайлау комиссиясы
(Жұмысшы ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, М.Құрымбаев көшесі №46 ).
12) Сейдуллақызы Меруерт – жұмыссыз, Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің өкілі.
№294 учаскелік сайлау комиссиясы
(Айнатас ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Б.Момышұлы» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жібек жолы көшесі №7а ).
13) Аширбаев Нурмахан Нурпеисович – Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің директорының орынбасары, «Аманат» партиясының өкілі.
№301 учаскелік сайлау комиссиясы
(Аманкелді ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Исатай батыр көшесі №31).
14) Бейсебаев Умирзак Маханбетович – Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің директорының орынбасары, «Аманат» партиясының өкілі.
№303 учаскелік сайлау комиссиясы
(Еңбекші ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Еңбекші» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бағаналы көшесі №56).
15) Байтенов Нурболат Манапович – Еңббекші ЖОББМ лаборанты, «Ақжол» партиясының өкілі.
№305 учаскелік сайлау комиссиясы
(Еңбек ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Еңбек» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жаңа ғасыр көшесі №33).
16) Сагындыков Акылбек Беркинович - «Еңбек» жалпы орта мектебі директорының орынбасары, «Ақжол» партиясының өкілі.
№ 310 учаскелік сайлау комиссиясы
(Тұрбат ауылы, Тұрбат шекара заставасы, Көктем №28)
17) Байдалиев Нурбол Галымжанович – Тұрбат шекара заставасының старшинасы, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
18) Рахман Абайхан Қайратұлы – Тұрбат шекара заставасының бөлімше бастығының орынбасары, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№311 учаскелік сайлау комиссиясы
(Шанақ ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Нұржан Болыс көшесі №20).
19) Утемисов Данияр Толегенович – Абай атындағы жалпы орта мектебінің директоры, «Аманат» партиясының өкілі.
№317 учаскелік сайлау комиссиясы
(Майлыошақ ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Келешек көшесі №9).
20) Әбдіокоп Ақшолпан Әбдіхалыққызы – БМСККО қарасты емхана мейірбикесі, «Ақжол» партиясының өкілі.
Аудандық мәслихат
төрағасы Т.Калымбетов