Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIIІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №204775 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қазығұрт ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 10 106 889 мың теңге:

салықтық түсiмдер – 3 760 022 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 36 556 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 48 619 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 6 261 692 мың теңге;

2) шығындар – 10 335 937 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 325 196 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 481 670 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 156 474 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -554 244 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –554244 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 481 670 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 156 474 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 229 048 мың теңге.

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Аудан әкімдігінің 2025 жылға арналған резерві – 37 832 мың теңге көлемінде бекітілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

 

 

Аудандық мәслихаттың төрағасы

 

 

 

 

 

 

 

Т.Қалымбетов

 

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
07 марта 2025