Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №9/52-VIIІ «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістеренгізу туралы
Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қазығұрт ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер – 8 853385 мың теңге:
салықтық түсiмдер – 3 472910 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 36 065 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 69420мың теңге;
трансферттер түсiмi – 5 274 990 мың теңге;
2) шығындар – 9 621 027 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 445 373 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 564 876 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 119 503 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 213015 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 213 015 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 943048 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 119 503 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 389 470 мың теңге».
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Аудандық мәслихаттың төрағасы |
|
Т.Қалымбетов
|