Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының
№5 ХАТТАМАСЫ
Қазығұрт ауылы 26.06.2024 ж
Төрағалық етуші: А.Жылкыбаев.
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Қазығұрт ауданының Қоғамдық кеңесінің бүгінгі отырысына Қоғамдық кеңестің мүшелері, Аудандық мәслихат төрағасы және қоғамдық кеңес отырысына арнайы шақырылған аудандық ішкі істер бөлімінің басшысының орынбасары, Сарапхана, Қызылқия ауыл әкімдері және аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы қатысуда.
Бүгінгі отырысқа 13 Қоғамдық кеңестің мүшесі қатысып отыр. Қоғамдық Кеңес мүшелері А.Молдасапаров және Д.Кулимов отырысқа қатыспауда. Қатысып отырған Қоғамдық кеңес мүшелерінің саны отырысты ашуға құқықты.
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Отырыстың төмендегідей регламенті ұсынылады:
- баяндамаларға 15 минутқа дейін;
- жарыссөздерге 5 минутқа дейін;
- ақпараттарға 5 минутқа дейін;
- қорытынды сөздерге 5 минутқа дейін;
- анықтамалар үшін 3 минутқа дейін уақыт беріледі.
Ұсынылып отырған регламентке келiсетiн болсаңыздар, бекiтiлсiн деген қоғамдық кеңес мүшелерінің дауыс беруін сұраймын.
-Түсiрiңiздер
-Қарсы, қалыс жоқ. Қоғамдық кеңес отырысының регламенті бекітілді.
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Отырыстың күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады.
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Аудандық ішкі істер бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі» бойынша баяндама жасау үшін сөз аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Апашов Сапархан Қалданұлы беріледі.
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Баяндама бітті.
(Баяндама қоса тіркеледі.)
Баяндамашыға сұрақтарыңыз болса ауызша немесе жазбаша берсеңіздер болады.
Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы Т.Қалымбетов: Бізде қанша адам прабациялық бақылауда есепте тұрады?
С.Апашов: Бізде прабациялық бақылауда тұрғандардың саны туралы мәлімет жоқ. Онымен басқа мекеме айналысады, олар қылмыстық атқару жүйесіне бағынышты, ішкі істер бөлімінде отырады, бірақ ол басқа мекеме, бізге бағынбайды, бізге есеп бермейді.
Т.Қалымбетов: Оларда қанша адам істейді?
С.Апашов: Бес адам бар сол жерде жұмыс істейді.
Т.Қалымбетов: Пробацияда есепте тұратын азаматтармен жұмысты жандандыру керек. Бір қылмыс үшін жазасын өтейді, пробациялық бақылауда жүріп тағы қылмыс жасайды.
Б.Серікбаев: Менің бір сұрағым бар еді, бір азамат алаяқтықпен қамалып 1,5 жыл түрмеде отырып келіп, біздің ауылдың дәрігерлік амбулаториясына бас дәрігер болып келді. Ол қалай сотталған адамдар ары қарай бас дәрігер болып жұмыс істей береді ма?
Т.Қалымбетов: Біржан бұл қалай? Осы айтылғандар рас па?
Б.Махсұтов: Менің түсінігім бойынша жауап беріп кетейін осы сұраққа. Кез келген азамат қылмыс жасаған болса, тиісті жазасын өтеген болса, белгілі уақыттан кейін бюджеттік мекемелерде жұмыс істей алады.
А.Жылқыбаев: Осы мәселе бойынша бізге анықтап берші.
С.Апашов: Түсінікті, осы бойынша анықтап жауабын беремін.
Р.Айтубаев: Біздің кітапханаларға Пробациялық бақылауда жүрген және пробация қызметінің қызметкерлерін іс-шараларға қатыстыру жөнінде тапсырма келген. Бірақ олар ешқандай іс-шараларға қатыспайды. Кітапханашылар оларды іздеп барып, таппайды.
Ж.Сәрсен: Биылғы жылы пробацияға есепке тұратындармен жұмыс жүргізуге аудандық ішкі саясат бөлімі 700 мың көлемінде іс шара өткізуге грант берген. Оны біздің қоғамдық бірлестік грантты ұтып алды. Осы жақын күндерде іс-шаралар өтеді. Түрлі жарыстар, семинарлар, треннингтер өтеді. Есепте тұратын 125 адам. Мен білгендіктен айтып тұрмын, өйткені мен бәрін зерттеп, зерделедім. Құдай қаласа көреміз, бірлесіп жұмыс істейміз деп ойлаймын.
Төраға: Басқа сұрақтар бар ма?
А.Сманов: Менің былтыр сегіз қойымды иттер жеп кетті. Әкімшіліктен шақырып, ветеринар шақырып, полиция келіп акт жасап, арыз жаздыртып алды. Әкімшілік іс қозғалды, полицияның бұрынғы басшысы Алмас мырзаға кірдім, жеке қадағалауға алдым деді. Содан ешқандай жауап жоқ.
С.Апашов: Сіздің сұрағыңызды жазып алдым, қарастырамын.
А.Сманов: Мен Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиясының төрағасымын. Көмекбаев деген азаматтан арыз түсті. Оның арызы бойынша Көмекбаевтың атына 400 адам арыз жазған. Баласының үстінен және өзінің үстінен. Экспертизаға жібереді. 400 адам қол қоймағандығы дәлелденеді. Оның себебі Қарабаудың жерін бөлген кезде ол бір топқа кедергі келтірген. Олар Көмекбаевты қылмыс жасады деп шығарып тастап, өздері жерді бөліп алады. Енді Көмекбаев арыз жазады. Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығының жер ресурстарының комитетінің инспекторының қағазы келді. Міне аудан әкімі А.Абдуллаевтың №2096 қаулысы заңсыз деп келген. Бұл арыз кері қайтарылған. Көмекбаевтың істеп отырғаны тірлігі дұрыс еді. Ал бұл арыз бойынша ешқандай іс әрекет жоқ. Сіздерде арыздың жатқанына төрт ай болды.
С.Апашов: Сіз бізге ертең келіңіз. Бастыққа кіреміз, мәселені шешіп береді. Экспертиза келгеннен кейін біз шешім қабылдаймыз. Экспертиза келмей ешқайда жібере алмаймыз.
А.Сманов: Сарапхана елі мекенінде тірек пункт салып бере ма?
С.Апашов: Бұл бойынша бізде әкімшілікпен бірге қаралып жатыр. Осы күзде басталуы мүмкін.
Ж.Сәрсен: Жақында Шанақ ауыл округіне бардық Бұрынғы әкім болған Қаржаубаев сол кісі былай деді. Біздің ауыл округіндегі учасковый мүлдем келмейді. Тым болмаса аптасына бір рет немесе сол жерде тұратын болса ауылға сес болатын еді деген мәселені айтады. Өйткені ол ауылда малдар көп жоғалатынға ұқсайды. Жалпы жастар кешке көшеде жүреді дейді. Оның айтып жатқаны да дұрыс. Сіздердің мына киімдеріңіздің өзі адамды сескендіреді.
С.Апашов: Жоқ бізде он үш тірек пункі бар. Жалпы санымен учасковый саны жетіспейді. Талап бойынша бір учаскелік инспекторға төрт мың адам халық саны келу керек. Әр тірек пунктіне 4-5 елді мекен бекітілген. Әр апта сайын бізде іс-шара өтеді, барлық елді мекендерді аралып шығамыз.
Б.Махсұтов: Менің айтайын деген ұсынысым жасөспірімдердің машинаға отыру, машина жүргізу мәселесі, мектепке балалар машинамен барады. Бесінші сыныптан бастап он бірінші сыныпқа дейін оқушылар ата-анасының машинасына отырып алып, ауыл көшелерінде өте жоғары жылдамдықпен ары-бері жүреді. Сіздер апаттың алдын алу мақсатында аптасына бір рет болса да барлық ауыл округтерінде елді мекендерге барып рейдтік іс шара өткізсеңіздер бұл жағдай тоқтайтын еді.
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Басқа сұрақтарыңыз болмаса келесі мәселені талқылауға көшсек.
Күн тәртібіндегі екінші «Қызылқия ауыл округі әкімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі» бойынша баяндама жасау үшін сөз Қызылқия ауыл округі әкімі Махсұтов Біржан Ералыұлына беріледі.
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Баяндама бітті.
(Баяндама қоса тіркеледі.)
Баяндамашыға сұрақтарыңыз болса ауызша немесе жазбаша берсеңіздер болады.
Ж.Сабитов: Сұрақ емес, менде ұсыныс бар. Ынталы елді мекеніндегі Серкебаев, Жаулабаев, Тұрсынқұлов үш көшеде асфальт жоқ. Осы көшелердің жобалық құжаттары эспертизадан шыққан екен. Оныншы шілдеде өтетін мәслихат сессиясында осы көшелерді асфальттауға қаржы бөлу туралы ұсынысты қолдасаңыздар.
Т.Қалымбетов: Бұл сессияда бюджет болмайды. Құрметті кеңес мүшелері бір нәрсені дұрыс түсініңіздер. Биыл біздің кірісімізді 250 миллион қысқарды. Ол жаңағы облыстан еліміздегі су тасқынына байланысты бізден қысқарды. Сондықтан бірқатар жоспарланған жұмыстарға қаржы бөле алмай отырмыз.
Ж.Сүйеубеков: Қызылқияда цемент зауыты ашылды ма?
Б.Махсұтов: Цемент завотының мәселесі шешілген жоқ. Кәсіпкер марқұм Құраловтың бес гектар жерін сатып алып рәсімдеп қойды. Қазір свет тарту, газ тарту, мәселесін ауылдың әкімшілігі қарап жатыр. Ол құрастырмалы зауыт екен. Шикізатты елу пайызын өздері алып келеді, елу пайызын ауылдан шығарады екен.
Ж.Сәрсен: Сабын шығарылып жатыр деген еді гой.
Б.Махсұтов: Сабын шығару тоқтап қалды. Грант алған азамат комиссия мүшелері қараған, мүгедек болып табылады. Көзі жақсы көрмегендіктен денсаулығына байланысты сабын шығару тоқтап қалды.
Б.Серікбаев: Балалар алаңшасын салу мен жылдамдықты тежегіш қою мәселелері шешімін тапты ма?
Б.Махсұтов: Отыз соттық жерді Айнатас елді мекенінен балалар алаңшасы салуға анықтап беріп қойғанбыз. Қаржыға байланысты тоқтап қалды. Ал жылдамдықты тежегіш бойынша тиісті бөлімге хат жолдағанбыз.
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Басқа сұрақтарыңыз болмаса келесі мәселені талқылауға көшсек.
«Сарапхана ауыл округі әкімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі» бойынша ауыл әкімі Күзенбаев Қуандық Таласұлына баяндама жасау үшін сөз беріледі.
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Баяндама бітті.
(Баяндама қоса тіркеледі.)
Баяндамашыға сұрақтарыңыз болса ауызша немесе жазбаша берсеңіздер болады.
Б.Абуов: Талдыбұлақтың жолы салып бітті ма?
Қ.Күзенбаев: Жіңішкенің жолын бітірсе, одан кейін Талдыбұлақтың жолын бітіреді.
Б.Абуов: Жігергенде бес көше бітпей қалды, мәдениет үйі әлі тұр, Қақпақта да жеті көшенің бесеуі бітпеген. Талдыбұлақ пен Жігергендегі бес көшені салған бір фирма. Аяқтап беретініне күмәнім бар.
Қ.Күзенбаев: Аяқтап береді, істеп жатыр.
Ж.Сәрсен: Талдыбұлақтағы газ қашан қосылды.
Қ.Күзенбаев: Былтыр газ Талдыбұлаққа кірген. Газ құбырын жүргізген мердігер мекеме газ құбырын жүргізеді. Бірақ әр үйге кіргізу олардың міндетіне жатпайды. Әр тұрғын өзі келісім шартқа сәйкес ақшасын төлеп кіргізеді. Әр үйге кіргізетін басқа мекеме. Көп тұрғындар көмір түсіріп қысқа дайындығын жасап қойған болатын. Сондықтан дәл сол кезде көп тұрғындар газды үйлеріне кіргізбеді. Енді көпшілігі кіргізіп жатыр. Қазір жартысынан сатамы кіргізіп қойды.
А.Сманов: Өткенде аудан әкімінің есебінде «Стадион неге салынбай жатыр» деп сұрақ қойылды. Сол кезде аудан әкімі айтты «Ауылдық қоғамдастық жиыны жер мәселесін шешуі керек» деп. Стадион салынады деген жерді өзгертіп жіберіпсіңдер. Жарайды қай жерге салынса да мемлекеттен келіп тұрған нәрседен айырылып қалмайық. Жерді ертерек анықтап беріңдер.
Екінші Алтынсарин мектебінің суы далаға кетіп жатыр. Сол жерге екі-үш тонналық ыдыс қойсақ біраз үйлерге жететін су болар еді.
Қ.Күзенбаев: Стадионның жері бойынша қоғамдастықта 4 рет жиын өтті. Қоғамдастық біздің ауылға екі спорт кешені де артық етпейді деп шешті. Мына жақтан инвестордың қаржысына салынса, ал бюджет қаржысына салынатын спорт кешенін «Сегізсай» жақтан салу керек деп қоғамдастық мүшелері шешіп отыр. Себебі бұл жақтың келешегі зор, мектеп салынайын деп жатыр, 25 гектар жерге тұрғын үйлер салынады. бюджет қаржысына салынады. Екінші мәселе бойынша қазір Алтынсарин мектебінің жанындағы су қазір ақпай қалды. Ол жерде су жоқ.
Б.Абуов: Махамбет ауылының көпірін жөндеуге жоспар бар ма? Қ.Күзенбаев: Жоқ, қазір ол көпірді жөндеу жоспарда жоқ.
Ж.Сүйеубеков: Базар деген ол барометр. Ол халықтың тұрмыс жағдайын, халықтың жай-күйін, басшылардың жұмысының нәтижесін көрсетеді. Сарапхананың мал базары ретке келтірілді, ал орталықтағы сенбі күні болатын жайма базар әлі де біраз жұмыс жүргізуді талап етеді. Ол жерде сенің ешқандай қолтаңбаң көрінбейді. Тазалық жоқ, шөп кеудеден келеді, сауда жасаушылар тәртіпсіз, көрінген жерде сауда жасауда.
Қ.Күзенбаев: Бұл базар бойынша екі азамат соттасып жатыр. Өзімнің де ойымда бар жұмыстарды айттыңыз. Жақын арады қолға аламыз.
Ж.Сәрсен: Әскерге шақыру туралы, сіздерге 115 азамат бару керек екен кәзіргі таңда жиырма алтысы барған екен. Әскерге жастар неге бармайды.
Қ.Күзенбаев: Біз әскерге шақырылатындар бойынша көктемгі шақырылымды 100 пайыз орындап қойғанбыз. Жұмыстар күзде жалғасын табады.
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Басқа сұрақтарыңыз болмаса келесі мәселені талқылауға көшсек.
Күн тәртібіндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша анықталған біршама бұзушылықтар туралы» мәселе бойынша сөз аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Нұрлыбек Ерсайын Ерғалиұлы беріледі.
Төраға: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Баяндама бітті.
(Баяндама қоса тіркеледі.)
Баяндамашыға сұрақтарыңыз болса ауызша немесе жазбаша берсеңіздер болады.
Төраға: Баяндамада көрсетілгендей кемшіліктерге жол беріп, талаптарды бұзған мекемелерге тәртіптік шара көруіміз қажет па?
Е.Нұрлыбек: Жоқ аудан әкімі аппаратының жиналысында осы бұзушылықтар қаралады. Кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатын болады.
Төраға: Басқа сұрақтарыңыз болмаса, Қазығұрт ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібіндегі мәселелер қаралып бітті. Осы мәселелер бойынша шешім қабылдауымыз керек.
Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Шешім қабылдансын деген Қоғамдық кеңес мүшелерінің дауыс беруін сұраймын.
- Түсіріңіздер.
- Қарсы, қалыс жоқ. Шешім қабылданды.
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелер қаралып бітті. Мәлімдеме немесе хабарлама жасайтын қоғамдық кеңес мүшелері бар ма? Жоқ болса отырысты жабық деп жариялаймын.
Аудандық Қоғамдық кеңес
төрағасы: А.Жылкыбаев
Аудандық Қоғамдық кеңес
хатшысы: Ж.Әблахан