Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының
ХАТТАМАСЫ №4
Қазығұрт ауылы 29.05.2024 ж
Қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері: Б.Абуов, А.Жылкыбаев, М.Ахметов, А.Сманов, Ж.Сабитов, А.Молдасапаров, Г.Каюпов, Б.Ысмайыл, Ж.Сүйеубеков, Ж. Сәрсен, Д.Кулимов, А.Көшкінбай.
Қатыспағандар: 2 адам.
Төрағалық етуші: А.Жылкыбаев.
Аудандық Қоғамдық кеңестің 2024 жылғы 29 мамырдағы отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жылкыбаев ашып, отырыс регламентін бекітіп алуды сұрады. Баяндамашыға – 25 минутқа дейін, жарыссөздерге – 5 минутқа дейін деп, регламент бекітілді.
Күн тәртібінде:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Абдиев Бақтияр Сапарұы баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан соң сұрақ-жауап болды.
Қоғамдық кеңес мүшелері А.Жылқыбаев- мұғалімдердің жұмыстағы жетістіктері, алтын белгімен бітіретін оқушылардың саны, Шарбұлақ а/о 300 орындық мектептің құрылысы қашан басталатындығы туралы, аудандағы валейболшы қыздарға қандай қаржылай көмек берілетіндігі, еркін күрес, футболшыларға көмек беру, мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу, А.Сманов- мектептерде алғашқы әскери дайындық сабақтарының қалай өтілетіндігі туралы, оқулықтармен қамтамасыз ету, оқу автоматтарының жеткіліксіздігі, А.Молдасапаров- мектептердегі күзетшілердің айлық жалақысын уақытылы түсуін қадағалау, Ж.Сәрсен- оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ерте жүктілікпен күресу мәселесі, мектептерге видео камера қою, Ж.Сүйеубеков- үш ауысымдық мектептердің саны, мектептердің қазіргі заман талабына сай жабдықталуы, мектептің ішіне әжетханалар қою, М.Ахметов- мектептердегі білім сапасы, білім бөлімі тарапынан бақылау жүргізіліп жатқандығы, тарифтерді бекіту, кадр мәселесі, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім ордаларындағы ыстық тамақ, ұлттық бірыңғай тестілеудің тәртібі сияқты мәселелер төңірегінде көптеген сұрақтар қойылып, баяндамашының және жиынға қатысып отырған басқа да мекеме мамандары тарапынан тиісті жауаптар алынды.
Сондай-ақ, осы мәселелер төңірегінде ұсыныстар айтылып, ұсыныс Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан толықтай қолдау тауып, алдағы уақытта жұмыс жүргізілетін болды.
Бөлім басшысы Б. Абдиев Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарға тоқталып өтті.
Қазығұрт ауданының білім саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылуда.
Ауданда 83 мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етуде. Оның ішінде 2-мемлекеттік, 11 сенімгерлік басқарудағы, 70 жекеменшік балабақшаларда 9760 бала тәрбиеленуде.
Балаларды балабақшаға электронды қабылдау BalabakhaSmartnation автоматтандырылған жүйесінде электронды жолдама арқылы балабақшаларға орналастыруда.
Мектепке 1-сыныпқа қабылдау E.GOV және MektepSmartnation электронды жүйе бойынша қабылданады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында
- мектепке оқушыларды қабылдау бойынша E.GOV, Mektep.Smartnation.kz,
- педагогтарды жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығын басшылыққа алынып, конкурстық негізде жүргізілуде.
Ауданда педагогтарды аттестаттау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына сәйкес автоматтандырылған жүйе бойынша «Е-Портфолио» базасы арқылы жүргізіледі.
Қазіргі таңда, құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
- Мектеп кітапханаларының базасын есепке алу, мектептер арасындағы кітап алмасу, электронды түрде сұраныс беру жүйесі бойынша «Е-Кітапхана» платформасына 64 мектеп кітапханасы кітап қоры енгізілді.
Бөлімнің 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының 22-бабы 1-тармағына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті» екені туралы аталып көрсеткен. Осы ретте, бөлімдегі 3 мемлекеттік қызметкер мен 71 мектеп директорынан міндеттемелер алынып түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, мектеп басшылары бос жұмыс орындарын жариялап, "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрықтары негізінде, арнайы комиссияның оң шешімі арқылы жұмысқа қабылдайды.
Өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 64 білім мекемелерінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, оқу жылының басында барлық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендерді әзірлеу және жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мектеп директорларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатта, лауазымды тұлғалар мен педагогтарға түрлі сыйлықтар мен емтихан кезінде ақша жинауға тыйым салынатындығы бойынша мектеп басшыларымен ЗУМ арқылы және әрбір өткізілген жиналыста барлық атқарылған жұмыстарын білім беру ұйымдарының әлеуметтік желісінде, жеке парақшаларында жариялау тапсырылып, есебі жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жағдайда хабарлау үшін “сенім телефондары” әрбір білім беру мекемесінде орнатылған. Ал, бөлімнің сенім телефоны 2-15-57 болып бекітілген.
Сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің кіреберісінде CALL CENTER – 1424 нөмері ілінген.
Бөлімде әлеуметтік желіге жауапты маман ретінде А.Наримова бекітілген.
А.Жылқыбаев: Мәслихат депутаты Сабитов Жавлон Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болды. Жақында куәлігін алды. Құттықтап қояйық. Жарыссөзге орын берейік.
Ж.Сабитов: Мен 27 жасымнан бастап ұстаздық қызметін атқарып келемін. Халықтан түскен өтініштерді сіздерге жеткізгім келеді. Педагог мәртесебі туралы заң қабылданғанынан барлықтарыңыздың хабарларыңыз бар. Ұстаздар оқушыларды тәрбиелейтін азаматтар. Мектептерге СЭС мекемесі тексеру жүргізеді. Айыппұлдар салады. Сол айыппұлды білім бөлімі тарапынан бюжеттен төленеді. Төленбеген жағдайда мектептің мұғалімдерінен ақша жинап төлейді. Айыппұлдың көлемі 400 мың теңгені құрайды. Екінші мектептердегі өрт қауіпсіздігінің жоспарлы тексеру бар. Одан да мектеп өте алмаса 430 мың теңге төлейді. Егер жеке тұлғаға айыппұл салса 60 мың теңгенің көлемінде төлейді. Барлық жұмысты толық орындауға тырысады. 97 параметрдің 1-2 ғана орындалмаса да айыппұл салынады. Мектептердің жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін сайт ашылуы керек. Ол ашылмаса да 200 мың теңгеден астам қаржы айыппұл төлейді. Осы шығындардың барлығын есептегенде 1 млн 800 мың теңге шығады екен. 80 мұғалімі бар мектепті алсақ, әр мұғалім 20 мың теңгеден береді екен. Баспасөзге де мұғалімдерді мәжбүрлі түрде жаздырады. 750 мың теңге баспасөзге қаржы аударады. Бұл жерде сыбайлас жемқорлық болып жатқан жоқ па.
А.Жылқыбаев: Апбазбек Төлегенұлы комиссия мүшелерімен осы мәселе бойынша жұмыс жүргізіп, жауабын берсеңіз. Барлығын нақты анықтап алғаннан кейін, тиісті жұмыстарды жүргізейік.
Б.Абдиев: СЭС-ке 7 күн ішінде төлесе 430 мың теңге шығады, негізгі қаржысы 800 мың теңге. Бұл мәселе облыста да талқыланған. Қаржыны мектептің кемшілігінен болмаса, бюджеттен төленеді. СЭС-тен 97 параметр бар. Біреуі орындалмаса айыппұл салынады. Мұғалімдердің баспасөзге жазылуы өз еркінде. Жазылған газеттеріне өздері төлейді. Әр жиналыста мұғалімдерден ақша жиналмасын деп ескертіп айтамын. Ауысу тәртібімен 17 мектептің директорын ауыстырдым. Ол дегеніміз 20 жылдан астам уақыт бір мекемеде жұмыс жасағананнан кейін ол жан-жағымен сыбайласады. Осының алдын алу мақсатында ауыстырдық. Қаңтар айынан бері 22 мектептің директорлары ауысты.
Кеңесті жүргізіп отырған Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жылкыбаев күн тәртібіндегі бұл мәселе бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілгенін тілге тиек етіп, қанағаттанарлық деп қорытынды беруді сұрады. Қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан бұл ұсынысты қолдап, Б.Абдиевтің баяндамасына қанағаттанарлық деп қорытынды берілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқылана келе, Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1) Қазығұрт аудандық білім бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;
Аудандық Қоғамдық кеңес
төрағасы: А.Жылкыбаев
Аудандық Қоғамдық кеңес
хатшысы: Ж.Әблахан