Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №9/52-VIIІ «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы            №9/52-VIIІ «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №9/52-VIIІ шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қазығұрт ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 8 601 699 мың теңге:

салықтық түсiмдер – 3 543 615 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 41 640 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 67 974 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 4 948 470 мың теңге;

2) шығындар – 9 351 662 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 445 373 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 564 876 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 119 503 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 195 336 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             1 195 336 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 925 369 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 119 503 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 389 470 мың теңге».

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Аудан әкімдігінің 2024 жылға арналған резерві – 63 196 мың теңге көлемінде бекітілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы

 

 

Т.Қалымбетов

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №9/52-VIIІ «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
14 мая 2024