Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының
ХАТТАМАСЫ №2
Қазығұрт ауылы 28.03.2024 ж
Қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері: Б.Абуов, А.Жылкыбаев, Д.Кулимов, Б.Махсутов, М.Ахметов, Р.Айтубай, Ж.Сүйеубеков, А.Сманов, А.Көшкінбай, Б.Серікбаев, Г.Каюпов.
Қатыспағандар: 4 адам.
Төрағалық етуші: А.Жылкыбаев.
Аудандық Қоғамдық кеңестің 2024 жылғы 28 наурыздағы отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жылкыбаев ашып, отырыс регламентін бекітіп алуды сұрады. Баяндамашыға – 25 минутқа дейін, жарыссөздерге – 5 минутқа дейін деп, регламент бекітілді.
Күн тәртібінде:
1) Қақпақ ауыл округі әкімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
2) Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Қазығұрт аудандық филиалы есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
3) Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
Абылахан Жылқыбаев төрағалық еткен жиынға, аудандық мәслихат төрағасы Т.Қалымбетов, Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін тиісті бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қақпақ ауыл округі әкімі Орынбай Абай баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ- жауап болды.
Қоғамдық кеңес мүшелері: Б.Махсутов, Г.Каюпов, Б.Серикбаев, Б.Абуов, А.Жылқыбаевтар жұмыссыздар саны, жайылым жер мәселесі, ауыл окургіндегі жылыжайлардың жалпы саны, қамыс басқан суармалы жерлердің пайызын азайту, Көктөбеге баратын жолды жөндеу керектігі, жабық стадион мәселесі, сквожина салу, жол мәселесі, тұрғындардың қанша пайызы газбен қамтылғандығы туралы, «Ауыл- ел бесігі» жобасымен жолдарды асфальттау мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты. Ол сұрақтарға ауыл әкімі Орынбай Абай мамандарымен бірге жан-жақты жауап беріп, ұсыныстардың ескерілетіндігін айтты.
Ауыл әкімі Орынбай Абай Сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, түпкілікті жою мақсатында 2023 жылы мекеме тарапынан 4 рет кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, фейсбук әлеуметтік желілерге және 6 рет газетке (Қазығұрт тынысы, Киелі Қазығұрт) мақалалар жарияланғанын. Осы бағытта әлде де тұрақты жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы қысқаша айтып өтті. Қоғамдық кеңес мүшесі Апбазбек Сманов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша жасалған баяндамасын толықтырып, алдағы уақытта сапалы жұмыс жүргізілсе деп өз ойын білдірді.
Мәселелер жан-жақты талқыланып біткеннен соң кеңес төрағасы қанағаттанарлық деп баға беруді ұсынды. Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан ұсынысты қолдап, дауыс берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасау үшін сөз Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Қазығұрт аудандық филиалы басшысы Асқар Сабденовке берілді. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ- жауап болды.
Қоғамдық кеңес мүшелері Б.Абуов, Ж.Сүйеубеков, А.Сманов, А.Жылқыбаев, Р.Айтубай, Б.Махсутовтар тарапынан иттерге паспорт алып, қарғы бау тағу, 27 қолдан ұрықтандыру бекеттерінің қазіргі жағдайы, барлық ауыл октугтеріне мал тоғыту ванналары керектігін, ауыл округтеріне Беккери шұңқырын салу қажеттігі төңірегінде сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Мекеме басшысы Асқар Сабденов сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
* Филиалда «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының мақсаты мен негізгі принциптеріне, сыбайлас жемқорлықпен күресті барынша күшейту туралы және жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударып, алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге күш салынуда. Атап айтқанда:
Кеңесті жүргізіп отырған Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жылкыбаев күн тәртібіндегі бұл мәселе бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілгенін, айтылған кемшіліктер бойынша алдағы уақытта жұмыс жасау керектігін айтып, қанағаттанарлық деп қорытынды беруді сұрады. Қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан бұл ұсынысты қолдап, Асқар Сабденовтің баяндамасына қанағаттанарлық деп қорытынды берілді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбай Қалдыкөзов баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ-жауап болды.
Қоғамдық кеңес мүшелері Б.Абуов, А.Сманов, Б.Серікбаев, Б.Махсутовтар туризм саласын дамыту мәселесі, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингпен алуды жеңілдету, малдарды асылдандыру, Субсидия, жанар-жағар майды алуды оңтайландыру, Шарапханадағы жылыжайлардың қашан құрылысы аяқталатындығы туралы, 2,5 пайыздық несиені балық шауашылығы мен құс шаруашылығына беру жайлы, жайылым жерлер, мониторинг жүргізу, ағын су мәселесі, каналдарды механикалық тазалау мәселесі, бензин бағасын тұрақтандыру туралы, жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселелері төңірегінде көптеген сұрақтар қойылып, бөлім басшысы тарапынан тиісті жауаптар алынды. Сондай-ақ, осы мәселелер төңірегінде ұсыныстар айтылып, ұсыныс Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан толықтай қолдау тауып, алдағы уақытта жұмыс жүргізілетін болды. Кеңесті жүргізіп отырған Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жылқыбаев күн тәртібіндегі бұл мәселе бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілгенін, жұмыс жасалынып жатқандығын айтып, қанағаттанарлық деп қорытынды беруді сұрады. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл ұсынысты қолдап, Н.Қалдыкөзовтың баяндамасына қанағаттанарлық деп қорытынды берілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқылана келе, Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1) Қақпақ ауыл округі әкімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;
2)Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Қазығұрт аудандық филиалы есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;
3) Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;
Аудандық Қоғамдық кеңес
төрағасы: А.Жылкыбаев
Аудандық Қоғамдық кеңес
хатшысы: