Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №1

Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ №1

Қазығұрт ауылы                                                                  23.02.2024 ж

Қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері: Б.Абуов, А.Көшкінбай, А.Жылкыбаев, Г.Каюпов, Б.Серикбаев, Б.Махсутов, Ж.Сәрсен, А.Сманов, Ж.Суйеубеков, Б.Ысмайыл.

Қатыспағандар: 5 адам.

Төрағалық етуші: А.Жылкыбаев.

Аудандық Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы 23 ақпандағы отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жылкыбаев ашып, отырыс регламентін бекітіп алуды сұрады.  Баяндамашыға – 25 минутқа дейін, жарыссөздерге – 5 минутқа дейін деп, регламент бекітілді.

Күн тәртібінде:

1) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі.

 2)  Аудандық мансап орталығының есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;

3)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша анықталған біршама бұзушылықтар және Цифрландыру саласы бойынша атқарылған жұмыстары жайлы есебі;

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Мақсат Заитов баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін, сұрақ-жауап болды.

Қоғамдық кеңес мүшелері А.Жылқыбаев- атаулы әлеуметтік көмек қанша пайызға азайғаны, ауған соғысы ардагерлеріне қанша қаржылай көмек беріліп жатқандығы туралы, Ж.Сүйеубеков- Ауыл аманаты жобасымен 2,5 пайыздық несие беріліп жатқандығы, ауданға қандай өндіріс орындары ашылып жатқанды туралы,   А.Сманов, Б.Серикбаев - мүгедектердің санаториялық емге жіберілуінің қиындығы, емделушілерге мониторинг жүргізілуі,   Ж.Сәрсен, Б.Махсутовтар кәсіпкерлікті қолдау мақсатында берілетін қайтарымсыз гранттар, жастар практикасы жобасы, жаңа жұмыс орындарын ашу, арнаулы әлеуметтік қызметтер,  оңалту орталығының жұмыстары жайлы, аз қамтылған отбасыларға қандай көмек көрсетіліп жатқандығы мәселелері  төңірегінде сұрақ қойып, жауап алып, ұсыныстарын білдірді.

Жиналысты жүргізіп отырған Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жылқыбаев күн тәртібіндегі бұл мәселе бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілгенін, жұмысын жақсы атқарып жатқанын айтып, қанағаттанарлық деп қорытынды беруді сұрады. Қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан бұл ұсынысты қолдап, М.Заитовтың баяндамасына қанағаттанарлық деп қорытынды берілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, аудандық мансап орталығының басшысы Мақсұт Алпысов баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін, сұрақ-жауап болды.        

 Қоғамдық кеңестің мүшелері Б.Абуов, Ж.Сүйеубеков, Б.Махсутовтар тарапынан  аудандағы жұмыссыздардың пайызы, жастар практикасы жобасы,  жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты. Ол сұрақтарға  мекеме басшысы М.Алпысов мамандарымен бірге жан - жақты жауап беріп, ұсыныстардың ескерілетіндігін айтты. Мәселелер жан-жақты талқыланып біткеннен соң кеңес төрағасы қанағаттанарлық деп баға беруді ұсынды. Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан ұсынысты қолдап, дауыс берді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, аудандық ұйымдастыру- инспекторлық бөлімшесі  бас инспекторы Нұрлыбек Ерсайын баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін, сұрақ-жауап болды.

Қоғамдық кеңес мүшелері А.Жылқыбаев, А.Сманов, Ж.Сүйеубеков, Абуовтар тарапынан жер қатынастары, еңбек және әлеуметтік қорғау, құрылыс және қала құрылысы салалары бойынша түскен арыздар туралы, құжаттарды мерзімінен кешіктіріп орындау, жер  учаскесінің кадастрлық бағалау құны актісінің көшірмесінің болмауы, жұмыс уақытынан тыс өтініштері тіркеу мәселесі, мемлекеттік көретілетін қызметтерді мерзімінде ұсыну, негізсіз бас тартпау, құжаттардың толық болуын қадағалау, Тұғыртас, Ащыбұлақ,   Қазығұрт, Кезеңбұлақ елді мекендеріне базалық станциялар қою, интернет желісі жылдамдығын арттыру, талшықты оптикалық интернет желісін аудандағы барлық мемлекеттік мекемелерге орнату төңірегінде көптеген сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Сондай-ақ осы мәселелерге ұсыныстар айтылып, ұсыныс Қоғамдық кеңестің тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта ескерілетінін айтты. Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жылқыбаев мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзу фактілері туралы  анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға заң шеңберінде шара қолданылсын деп қатаң ескерту берілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқылана келе, Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;

 2) Аудандық мансап орталығының есебі және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;

3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін бұзу фактілері туралы  анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға заң шеңберінде қатаң ескерту берілсін.

Аудандық Қоғамдық кеңес

төрағасы:                                                               А.Жылкыбаев

 

Аудандық Қоғамдық кеңес

хатшысы:                                                              Ж.Әблахан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №1
Дата публикации
14 марта 2024