Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының
мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағынасәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасынасәйкес айқындалсын.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы №33/143-VII «Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №30899 нөмірімен тіркелген).
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы
|
|
М. Нұран
|