Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы

Қазығұрт аудандық мәслихатының ШЕШІМІ

 

 

              №10/62-VІІІ                                                     27 желтоқсан 2023 жыл

 

 

                                                                                                                                      

Қазығұрт аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

мүшелерін сайлау туралы

 

      Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 7-1) тармақшасына  сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамы осы

шешімнің қосымшасына сәйкес сайлансын.

  1. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

                                      

 

        Аудандық мәслихат

        төрағасының міндетін

        уақытша атқарушы                                         Д.Кубеев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023   

         жылғы 27 желтоқсандағы №10/62-VІІІ          

         шешімінің қосымшасы

 

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы

 

(Қазығұрт ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «№1 Балалар Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Болашақ» мөлтек ауданы, Ертіс көшесі 27)

 

  1. Бобетов Рамазан Илиясович – Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, «Аманат» партиясының өкілі.
  2. Анашев Кайрат Убайдуллаевич – Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің директоры, «Ауыл» партиясының өкілі.
  3. Дөненбай Бексұлтан Әріпжанұлы - Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы, «Ақжол» партиясының өкілі.
  4. Дуанақұл Қасымсейіт Әмірсейітұлы – Қосағаш жалпы орта мектебінің мұғалімі, «Қазақстан халық партиясының» өкілі.
  5. Жолаев Жидебай Шеримулы – П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің директоры, «Қазығұрт аудандық білім саласы қызметкерлері ардагерлерінің кеңесі» ҚБ өкілі.
  6. Қалдыкөз Нұрлан Нұрбайұлы – Қазығұрт аудандық оқушылар сарайының директоры, «Ардагерлер Ұйымы» РҚБ –нің Қазығұрт аудандық филиалының өкілі.
  7. Акынгазиева Айкул Кузенбаевна – аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, «Аналар – асыл жандар» Қазығұрт аудандық әйелдер кеңесі» ҚБ өкілі.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы
Дата публикации
03 января 2024