Қазығұрт ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы

Қазығұрт ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының                1-тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы»                       Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қазығұрт ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерi мен тәртібі айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы

 

Д. Кубеев

 

 

Қазығұрт ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы
Дата публикации
27 декабря 2023