О внесении изменений в решение Казыгуртского районного маслихата от 23 декабря 2022 года №35/154-VII «О районном бюджете на 2023-2025 годы»

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №35/154-VII «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №35/154-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №176219 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қазығұрт ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 10 182 077 мың теңге:

салықтық түсiмдер – 2 980 293 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 41 237 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 53 252 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 7 107 295 мың теңге;

2) шығындар – 10 345 354 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 211 696 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 310 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 98 804 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -374 973 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             374 973 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 310 500 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 98 804 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 163 277 мың теңге».

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған резерві – 5 952 мың теңге көлемінде бекітілсін.
  2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасының міндетін

уақытша атқарушы

 

 

 

Д.Кубеев

 

 

О внесении изменений в решение Казыгуртского районного маслихата от 23 декабря 2022 года №35/154-VII «О районном бюджете на 2023-2025 годы»
Дата публикации
27 декабря 2023