Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №9

Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ №9

Қазығұрт ауылы                                                                  30.11.2023 ж

Қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері: Б.Абуов, Р.Айтубай, А.Жылқыбаев, Г.Каюпов, Т.Қалымбетов, Ж.Сабитов, Д.Кулимов, А.Көшкінбай, А.Молдасапаров, Б.Серікбаев, Ж.Сүйеубеков, А.Сманов, Б.Ысмайыл, М.Ахметов, Ж.Сәрсен.

Қатыспағандар: 1 адам.

Төрағалық етуші: А.Жылкыбаев.

Аудандық Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы 30 қарашадағы отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жылкыбаев ашып, отырыс регламентін бекітіп алуды сұрады.  Баяндамашыға – 25 минутқа дейін, жарыссөздерге – 5 минутқа дейін деп регламент бекітілді.

Күн тәртібінде:

1)Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жайлы есебі;

2) «Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасына қорытынды беру туралы;

3)Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті, Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің есебі;

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абдакимов Тұрдалы жан-жақты баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ- жауап болды.

Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылды. Атап айтқанда: А.Жылқыбаев- Сарапхана, Талдыбұлақ елді мекендерінің трансформаторларының тозығы жеткендігі, ішкі көшелеріне шағал төсеп, асфальттау, газ құбырлары тартылған, бірақ газ қосылмағандығы, Сарапхана мен Талдыбұлақ елді мекендерінің полигоны жайлы.Б.Абуов-үйлерге газ тарту, А.Сманов- аудан бойынша 13 полигонның қоршауы,санитарлық талаптарға сай болмауы, залалсыздандыру туралы, Ж.Сабитов- Тұрбат ауыл округіндегі 17 км көше жарығын қосу мәселесі, тротуар салу мәселесі, Ж.Сәрсен- тұрғын үй кезегі туралы, Д.Кулимов- Трассадағы туннельдің астын асфальттау мәселесі, Б.Серікбаев-Айнатас ауылындағы су мәселесі, құдықтарының қақпағы жоқ, трубаларының тозығы жеткендігі туралы, Р.Айтубаев- аудан орталығындағы мектепке баратын жолдарда көше жарығы жоқтығы, Жігерген ауыл округтеріне қарасты елді мекендердің ауыз суының сапасы, ауыз судың жетіспеуі, Шанақ, Шарбұлақ, Тұрбат ауыл округтеріндегі газ мәселесі, аудандағы барша ауыл округтеріндегі электр желілері, электр бағаналары, трансформаторлардың қоршауы жайлы, аудан орталығының көше жарықтары, электр қуатының жетіспеуі, жол жөндеу мәселелері және кейбір көшелерді жол кедергісін қоя отырып ашу мәселелері төңірегінде көптеген сұрақтар қойылып, бөлім басшысы тарапынан, «Таза су» мекемесі басшысының және жиынға қатысып отырған басқа да мекеме қызметкерлері тарапынан тиісті жауаптар алынды. Сондай-ақ, осы мәселелер төңірегінде ұсыныстар айтылып, ұсыныс Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан толықтай қолдау тауып, алдағы уақытта жұмыс жүргізілетін болды.  Кездесуді жүргізіп отырған Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жылқыбаев күн тәртібіндегі бұл мәселе бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілгенін тілге тиек етіп, қанағаттанарлық деп қорытынды беруді сұрады. Қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан бұл ұсынысты қолдап, Т.Абдакимовтың  баяндамасына қанағаттанарлық деп қорытынды берілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маман Егізов Бек баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ- жауап болды.

Қоғамдық кеңес мүшелері: А.Жылқыбаев, А.Молдасапаров, Ж.Сабитов, Б.Абуовтар тұрмыстық қалдықтарға әр үйге неше теңге төлейтіндігі, кәсіпкерлерге тариф қалай қойылатындығы мәселелері төңірегінде сұрақтар қойды. Ол сұрақтарға Б.Егізов әр үйге 500 теңгеден, кәсіпкерлерге 1500 теңге көлемінде тариф бекітілетінін айтты. Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жылқыбаев күн тәртібіндегі бұл мәселе жан-жақты талқыланып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілгенін тілге тиек етіп, қорытынды беруді сұрады. Қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан бұл ұсынысты қолдап, Т.Абдакимовтың «Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Қазығұрт аудандық мәслихат шешімінің жобасына қорытынды берілді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті, Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің  бас маманы Қыстаубаев Пернебай Саметұлы баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ-жауап болды.

Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылды. Атап айтқанда: А.Молдасапаров- төтенше жағдайларға дайындығы, түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі, су сорғыш насостардың жетіспеушілігі, А.Жылқыбаев- өрт қызметкерлерінің жұмыс киімінің жетіспеушілігі, Ж.Сәрсен- ту тасқыны қаупіне арықтарды тазалап,дайындау, Ж.Сабитов- мекемелерді тексеру, айыппұл салу,Т.Қалымбетов- жадынама тарату керектігін, ауыл әкімшіліктеріне барып жиындар өткізу,А.Сманов- әр тексерудің алдында гезетке, әлеуметтік желілерге  хабарлама беру туралы, келісім шартқа тұру керектігі жөнінде және т.б сұрақтар қойылды.

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің  бас маманы Қыстаубаев Пернебай Саметұлы барша сұрақтарға жан-жақты және толыққанды жауап берді. Ұсыныстардың алдағы уақытта ескерілетінін, бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар атқарылатынын айтты.

Қоғамдық кеңестің төрағасы бұл мәселе бойынша қанағаттанарлық деген баға беріп, оң шешім шығаруды ұсынды. Барша кеңес мүшелері қарсы-қалыссыз бұл ұсынысты қолдап, баға берді.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқылана келе, Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1) Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жайлы есебіне қанағаттанарлық деген баға берілсін;

2) «Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасына қорытынды берілсін;

3)Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті, Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берілсін;    

 

Аудандық Қоғамдық кеңес

төрағасы:                                                                        А.Жылкыбаев

 

Аудандық Қоғамдық кеңес

хатшысы:                                                                        Ж.Ә.Әблахан

 

 

 

 

 

Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №9
Дата публикации
08 декабря 2023