Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №8

Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ №8

 

Қазығұрт ауылы                                                                20.10.2023 ж

 

Қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері: Б.Абуов, А.Жылкыбаев,  А.Сманов, Г.Каюпов, Ж.Сүйеубеков, Б.Ысмайыл , Д.Кулимов, А.Көшкінбай, М.Ахметов, Ж.Сәрсен, Р.Айтубаев.

 

Қатыспағандар: 3 адам.

 

Төрағалық етуші: А.Жылкыбаев.

 

Аудандық Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы 20 қазандағы отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жылкыбаев ашып, отырыс регламентін бекітіп алуды сұрады.  Баяндамашыға – 25 минутқа дейін, жарыссөздерге – 5 минутқа дейін деп, регламент бекітілді.

 

Күн тәртібінде:

1) Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қазығұрт аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;

2) Аудандық орталық ауруханасының есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Қазығұрт аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы  басшысы Усипбекова Кулизат Балқыбекқызы  жан-жақты баяндама жасап, аудандағы санитария-эпидемиологиялық ахуал жайлы таныстырып өтті. Баяндама аяқталғаннан соң кеңес мүшелері өз сұрақтарын қойып, оған тиісті жауаптарын алды. Атап айтсақ, Б.Абуов- ауданда лаборатория ашу, А.Сманов- мейрамханалардың санитарлық талапқа сай келмеуі, Р.Айтубаев- мектептердегі асханалар тазалығы, Ж.Сәрсен- балаға БЦЖ салу, туберкулездің алдын алу, А.Жылқыбаев - аудандағы барша азық-түлік сататын жеке кәсіпкерлік нысандар жайлы сұрақтар қойды. Ал Кулизат Балқыбекқызы барша сұрақтар бойынша қысқаша әрі нақты жауап беріп, шешілмей қалған мәселелермен алдағы уақытта жұмыс жүргізілетін айтып өтті. Кеңес төрағасы А.Жылқыбаев, Усипбекова Кулизаттың баяндамасы мен Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының атқарып жатқан істеріне қанағаттанарлық деген баға беруді ұсынып, кеңес мүшелері бұл шешімді бірауыздан қолдады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Сланов Бекзат Маханбетұлы жан-жақты баяндама жасап, аудандағы медицина саласының жалпы жай-күйімен таныстырып өтті. Баяндама аяқталғаннан соң кеңес мүшелері өз сұрақтарын қойып, оған тиісті жауаптарын алды. Атап айтсақ, А.Жылқыбаев - аудандағы барша медициналық орталықтар жайлы, Шарбұлақтағы ФАП құрылысының сапасыздығы, жас мамандарды жұмыспен қамту, Г.Каюпов- ауған соғысына қатысқан ардагерлерге көрсетілетін көмек, жеңілдіктер туралы, Р.Айтубаев- жылжымалы рентген аппараты, аурухананың күту залында отыратын банкеткалар болмауы, Б.Ысмайыл, М.Ахметов- мемлекеттен берілетін тегін дәрілер, компьютер құрылғыларының істемеуі, Ж.Сәрсен- егу кабинеттерінің болмауы, интернет жылдамдығының төмендігі т.б мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды. Ал бас дәрігер Бекзат Маханбетұлы барша сұрақтар бойынша қысқаша әрі нақты жауап беріп, шешілмей қалған мәселелермен алдағы уақытта жұмыс жүргізілетін айтып өтті.

Кеңес мүшесі А.Сманов тарапынан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай іс шаралар жүргізіп жатқандығы туралы сұрақ қойылып, Мекеме басшысы Бекзат Сланов сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып  жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

         Қазіргі біздің қоғамдағы  өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымыз қажет.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі  шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсету туралы үлгілік ережеге сәйкес,

 Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ МКК қызметкерлерінің жауапкершілікті арттыру және лайықсыз мінез-құлық жағдайларын барынша азайту мақсатында комплаенс қызметі енгізілді. Комплаенс қызметін енгізудің мақсаты - медициналық ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережесі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген ережеге сай, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нұсқаулығы, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мүдделер қақтығысын реттеу ережелері  бекітіліп  қызметкерлермен таныстырылды.

Емделушілерге ауруханада сыбайлас жемқорлық, заң бұзушылық фактісінің куәсі болған жағдайда комплаенс қызметіне жауапты қызметкерге хабарласу мүмкіндігі қарастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, аурухана және оған қарасты 64 емдеу  мекемелеріне  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің CALL-орталық 1424 телефон нөмірі көрсетілген тақтайша және жауапты маманға хабарласу жағдайын қамтамасыз ету мақсатында әр бөлімінің кіріс,  шығыс бөлігінде ақпараттық тақтайша ілінген.

Сонымен қатар, 2023 жылға ұйымдағы барлық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша оқу орталығы келісім шарт түзіліп білімдері жетілдірілді. Ақпараттық парақтар әзірленіп,  мекеме ғимаратының қабырғаларына орналастырылды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру іс-шараларының жоспары бекітілген. Бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын түсіндіру шараларының тақырыбына сай жиналыс өткізіліп фейсбук желісіне жарияланып отырады. https://www.facebook.com/Kazygurt.SRB.Redex/posts/pfbid02yFCHqNEbVJHNQGBQdq76Q6cBVVvEBq1iB9rPE2PGkPWSsxP1CzFp4MHCqqKcrEjHl

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында 9 айында аудандық «Киелі Қазығұрт» газетіне 5 мақала, Қазығұрт тынысы газетіне 3 мақала берілген.

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының 12.06.2023 жылғы №331-н/қ санды «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес Жұмыс тобы 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша іс-шара жоспарына сай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, 2023 жылдың  28 шілде күні ауруханада  ішкі талдау жұмыстарының қорытындысына жария  талқылау жиыны бас дәрігердің орынбасары С.Рысбаев, қоғамдық кеңес мүшесі Б.Абуовтың қатысуымен өткізіліп, интернет – ресурсына орналастырылды. https://www.facebook.com/Kazygurt.SRB.Redex/posts/pfbid0giSXfNKJm5bw5Da8V44xGFcgxPKE89qLDvNVApsWzfAcBQGnpfhF85GBvfZVvLh1l

«ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті» РММ-нің 16.08.2023 жылғы №128-1-3/1945-И шығыс санды хатына сай, 11.07.2023 жылы Түркістан облысы әкімі аппараты басшысы Е.Әлімқұловтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжіліс хаттамасының  тапсырмасын орындау үшін, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мекемемізде 2023 жылғы 21-31 тамыз аралығында «Тоқта, жемқорлыққа жол берме!» онкүндік науқаны өткізілді. Соған орай 29 тамыз 2023жылы таңертеңгі сағат 09/00-13/00 аралығында Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы емхана бөлімінің дәрігерлері: кардиолог, неврапатолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, хирург, травматолог, стоматолог, офтальмолог, онколог, отоларинголог, балалар неврапатологы дәрігерлерінің қатысуымен  «Ашық есік күні» өткізілді.

Кеңес төрағасы А.Жылқыбаев бас дәрігердің баяндамасы мен аудандық орталық аурухананың атқарып жатқан істеріне қанағаттанарлық деген баға беруді ұсынып, кеңес мүшелері бұл шешімді бірауыздан қолдады.

 

 

 

 

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқылана келе, Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

1) Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қазығұрт аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;

 

 

2) Аудандық орталық ауруханасының есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;    

 

 

 

 

Аудандық Қоғамдық кеңес

төрағасы:                                                                        А.Жылкыбаев

 

 

 

Аудандық Қоғамдық кеңес

хатшысы:                                                                        Ж.Ә.Әблахан

 

 

 

 

 

 

 

Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №8
Дата публикации
03 ноября 2023