Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №7

Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ №7

 

Қазығұрт ауылы                                                                26.09.2023 ж

 

Қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері: Б.Абуов, А.Жылкыбаев,  А.Сманов, Ж.Сабитов, Б.Серікбаев, Г.Каюпов, Ж.Сүйеубеков, Б.Ысмайыл , Д.Кулимов, А.Көшкінбай, Б.Махсутов,.

 

Қатыспағандар: 3 адам.

 

Төрағалық етуші: А.Жылкыбаев.

 

Аудандық Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жылкыбаев ашып, отырыс регламентін бекітіп алуды сұрады.  Баяндамашыға – 25 минутқа дейін, жарыссөздерге – 5 минутқа дейін деп, регламент бекітілді.

 

Күн тәртібінде:

1)  Аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің есебі  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;

 

2) Аудандық экономика және қаржы бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;

 

3) Алтынтөбе ауыл округі әкімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;

 

4) Мемлекеттік қызмет көрсету саласының 2023 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы;

 

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы Нұран Марат баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ -жауап болды.

Қоғамдық кеңес мүшелері Б.Абуов, А.Сманов, А.Жылқыбаев, Б.Махсутов, Ж.Сабитов, Б.Серікбаевтар тарапынан мемлекеттік кредиттің берілу жолдары, оны алғаннан кейін қадағалау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу,ауыл округтерінде спорт комплекстеріңің жері туралы,  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу,  жылжымайтын мүліктеріне техникалық төл құжат дайындап беру,  міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік  кепілін тіркеу және  жер телімдеріне мемлекеттік жер акті беру қызметтері туралы сұрақтар қойылып, бөлім  басшысы Н.Марат барлық қойылған сұрақтарға толыққанды, жан-жақты жауап берді.

 Бөлім басшысы Нұран Марат сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып  жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Филиалдың Қазығұрт аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты жылдық жұмыс жоспар жасалып, бекітілген. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымыл тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарында 6 мақала жарияланды және бөлім мамандарымен 8 дөңгелек үстел өткізіліп, хаттамалар түзілген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары бойынша Аманат партиясымен және  ҮЕҰ-мен, құқық қорғау, басқа да мемлекеттік органдармен іс-шаралар өткізілген.

Қоғамдық кеңестің төрағасы бұл мәселе бойынша қанағаттанарлық деген баға беріп, оң шешім шығаруды ұсынды. Барша кеңес мүшелері қарсы-қалыссыз бұл ұсынысты қолдап, баға берді.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сапиев Мұрат Байдұллаұлы баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ -жауап болды.

Қоғамдық кеңес мүшелері Б.Абуов, А.Жылқыбаев, Б.Махсутов, А.Молдасапаров, Ж.Сабитов,  Б.Ысмайылдар ауыл округтеріндегі жол салу, ауыз су, көше жарықтары, көп қабатты тұрғын үй салу, Жігерген, Шанақ, Қазығұрт ауыл округтеріндегі мәдениет үйлерінің құрылысы, тұрғын үй беру мәселесі, Жігерген, Талдыбұлақ, Қақпақтың жол мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек, мұқтаж азаматтардың қарауына қаралатын қаржы, қоғамдық жұмыс, жастар практикасы, дипломмен ауылға бағдарламасы туралы, қоғамдық кеңестің жұмысын атқаруға қосымша қаржы бөлдіру, өнеркәсіп саласын ашу, дамыту мәселелері төңірегінде сұрақтар қойылды. Ол сұрақтарға аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Сапиев жан-жақты түсіндіріп, жауап берді.

Бөлім басшысы Мұрат Сапиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып  жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің 01.04.2022 жылы №16-н/қ «Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығы шығып, аталған бұйрық қосымшасына сай, жұмысшы топтың құрамы бекітілген.

Экономика және қаржы бөлімінің  бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

-Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

 

Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау барысында: Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады. 2023 жылдың 8 айында бөлім қызметкерлерімен 8 құқықтық оқу сабақтары өткізілді.

1) 13.01.2023 ж. – ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV ҚР Бюджет Кодексі

2) 26.01.2023ж - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

3) 10.02.2023 ж. – «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдіктері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» ҚР Ұлттық экономика министплігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы.

4) 10.03.2023ж. - «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы.

5) 14.04.2023ж. - ҚР-ның 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі

6) 21.04.2023ж - «Ауыл округтердің бюджеттерін жоспарлау және бекіту туралы»

7) 12.05.2023ж. - Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920қаулысы

8) 25.05.2023ж. - «ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР-ның 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы.

Халық тарапынан сыртқы бақылауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мақалалар әр тоқсанда бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау туралы кесте түзілген.

 «Қазығұрт тынысы» қоғамдық-саяси газеті және «Киелі Қазығұрт» ақпараттық танымдық газетінде 8 мақала жарияланды.

1)«Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау» кестесіне  Хабарландыру,

2)«Дипломмен ауылға бағдарламасына кімдер қатыса алады және қалай?», 

3)«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу»,

4)«Қызметтік  Әдеп нормаларын сақтау-мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті!»,

5)«Мемлекеттік рәміздер –Ұлттық мақтанышымыз!»,

6) «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесі үшін адал еңбек!»,

7) «Сыбайлас жемқорлықтың адын-алу!»,

8)«Конституция –ел тірегі!» тақырыбындағы мақалалар).

Бөлім қызметерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін, сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін болдырмау шараларына көңіл бөлу және тұжырымдама талаптарын сақтау, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қатаң ескертілген.

Кеңесті жүргізіп отырған Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жылқыбаев күн тәртібіндегі бұл мәселе бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілгенін тілге тиек етіп, қанағаттанарлық деп қорытынды беруді сұрады. Қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан бұл ұсынысты қолдап, М.Сапиевтің баяндамасына қанағаттанарлық деп қорытынды берілді.

 

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, Алтынтөбе ауыл округі әкімі Алибаев Данабек баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ- жауап болды.

Қоғамдық кеңестің мүшелері: Б.Махсутов, Г.Каюпов, Б.Серикбаев, Б.Абуов, А.Молдасапаров, А.Жылқыбаевтар Аққұм елді мекеніндегі жол мәселесі, көпір салу , егістік жерді бөлу мәселесі, спорт комплекстерінде тазалық жұмыстарының жүргізілуі, жер беру, көше жарықтары, жол кедергілерін қою жайлы мәселелерді көтеріп, сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты. Ол сұрақтарға ауыл әкімі Данабек Алибаев жан-жақты жауап берді.

Ауыл әкімі Данабек Алибаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып  жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Ауылдық округі әкімінің 2022 жылы 03 қазандағы №14 өкімімен «2022-2023 жылдарға арналған мемлекеттік қызметшілер арналған жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру туралы» өкімімен жоспар бекітіліп, ұйымдастырылған.

Әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған САLL CENTER,  «Назарсыз қалма, жемқорлықтың тізбегін үз»-деген тақырыпта ауыл округінің орталығында баннерлер ілінген.

Ауыл округі әкімдігі ғимаратында азаматтарды қабылдау кестесі және Түркістан облысы әкімі аппараты, Қазығұрт ауданы жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің сенім телефондары ілінген.«Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын оңтайландыруға бағытталған ұсыныстар салынатын жәшігі орнатылған. Жәшікте «Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 13regionataa@gmail.com электрондық поштасы жазылған. Ауыл округі әкімдік ғимараты мен барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет алушылар үшін сенім телефондары жазылған, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 сенім телефоны, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің «Қоғаммен кері байланыс» 8 775 869 21 21 телефон нөмері бар  парақшалар ілінген.

Ауыл округі әкімімен «Қазығұрт тынысы» газетіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында түрлі мақалалар тұрақты түрде жарияланып отырады. 

Жыл басынан бері бірнеше рет фейзбук әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп берілді.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар орын алмаған.

Мәселелер жан-жақты талқыланып біткеннен соң кеңес төрағасы қанағаттанарлық деп баға беруді ұсынды. Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан ұсынысты қолдап, дауыс берді.

Күн тәртібіндегі төртінші  мәселе бойынша аудандық ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Нұрлыбек Ерсайын Ерғалиұлы баяндама жасады.

Қоғамдық кеңес мүшелері: А.Жылқыбаев, Б.Серикбаев, Ж.Сабитов, Б.Абуовтар тапанынан интернет желісі туралы, Айнатас елді мекенінде электр жарығы өшкенде байланыс болмайтынын, билайн компаниясының атқарып жатқан жұмыстары туралы, акумуляторларды ауыстыру, интернет жылдамдығын арттыру, Шарбұлақ, Тұрбат а/о оптика тартылған, бірақ жұмыс жасамай жатқандығы туралы,  аудандық аурухана, әкімшілік және  78 мектептің 60-ында интернет жылдамдығының төмендігі, Жаңабазар, Алтынтөбе, Қ.Әбдалиев, Жер қатынастары бөліміндегі өтініштердің мерзімдері бұзылғандығы, Е-лицензия, Е-гов ақпараттық жүйелерінде көрсетілген қызметтердің уақытылы орындалмауы, негізсіз бас тарту фактілері орын алғандығы және т.б мәселелер төңірегінде көптеген сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Сондай-ақ осы мәселелерге ұсыныстар айтылып, ұсыныс Қоғамдық кеңестің тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта ескерілетінін айтты. Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жылқыбаев Мемлекеттік қызмет саласының 2023 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы баяндамасына, мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзу фактілерінде  анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеуге қатаң ескерту берілді.

 

 

 

 

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқылана келе, Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

1)  Аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің есебі  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;

 

2) Аудандық экономика және қаржы бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;

 

 

3) Алтынтөбе ауыл округі әкімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;

 

4) Мемлекеттік қызмет көрсету саласының 2023 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы баяндамасына, мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзу фактілерінде  анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу қатаң ескертілсін.

    

 

 

 

 

 

Аудандық Қоғамдық кеңес

төрағасы:                                                                        А.Жылкыбаев

 

 

 

Аудандық Қоғамдық кеңес

хатшысы:                                                                        Ж.Ә.Әблахан

 

 

 

 

 

Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №7
Дата публикации
29 сентября 2023